Бүгін Жайық өзенінің деңгейі 852 см-ге жетті

21 Сәуір 2024, 11:33
368
Бөлісу:
Бүгін Жайық өзенінің деңгейі 852 см-ге жетті
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстар күшейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірдегі жағдай әлі де күрделі. Таңертеңгі ақпарат бойынша Жайық өзенінің деңгейі 852 см құрады. Ол қауіпті деңгейден асып барады. Облыстың төрт ауданында және Орал қаласында тасқынға қарсы жұмыстар күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.

Өңірде 13 мыңнан астам адам эвакуацияланды, оның 6 мыңға жуығы бала. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 10 мыңнан астам техника, 2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды, 11 мыңнан астам адам тасқынға қарсы жұмыстарды жүзеге асыруда, - деді БҚО әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Таткен ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы