Спорт пен тазалық: Астанада қоқыс жинаудан экомарафон өтті

21 Сәуір 2024, 03:21
371
Бөлісу:
Спорт пен тазалық: Астанада қоқыс жинаудан экомарафон өтті
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордадағы Сарыарқа ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында экомарафон өтті. Марафонда тұрғындар 4 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Бүгінгі ұйымдастырылған марафон бұрынғылардан ерекше әрі өте креативті өтті. Себебі біз спорт пен тазалықты қатар алып жүрдік. Экоакция аясында Есіл өзенінің бойындағы қоқыстарды жинап өттік. Бірақ байқағаным, қоқыс өте аз болды. Бұл астаналықтардың экологиямызды сақтауға белсенді атсалысып жатқанын байқатады деп ойлаймын, - деді Марғұлан Ермағанбетұлы.

Марафонға қатысушылар, соның ішінде жастар, ересектер мен қарттар іргелес жатқан аумақтарды тазартуға белсенді атсалысты. Ең жас қатысушы, ең үлкен қатысушы және 1, 2, 3 жүлделі орындар тағайындалды.

Марафон жеңімпаздарына Сарыарқа ауданының әкімі атынан сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Естеріңізге сала кетейік, осы апта "Киелі мекен" деп аталады және тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналған. 

Елордада барлық тұрғындардың күшімен Мәдени мұра нысандарының, ескерткіштер мен оларға іргелес аумақтардың қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

"Жасыл аймақ" деп аталатын үшінші аптада ағаш отырғызуға, екпелерді ақтауға арналады.

4 мамырға дейінгі кезең "Өнегелі ұрпақ" деп аталады және ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналады.

Соңғы, бесінші аптада “Мөлдір бұлақ" деп аталатын су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

Өзгелердің жаңалығы