Батыс Қазақстанда саяжай тұрғындары эвакуацияланды

21 Сәуір 2024, 21:56
305
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда саяжай тұрғындары эвакуацияланды
Фото: видеодан кадр

Батыс Қазақстанда іздестіру-құтқару жұмыстары барысында су басу аймақтарынан ТЖМ күштерімен саяжай учаскелерінің 60-тан астам тұрғыны металл жүзу құралдарымен эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, азаматтарды шұғыл эвакуациялау бойынша барлық жұмыстар ТЖ Министрі Шыңғыс Әріновтың жетекшілігімен жүргізілуде.

Еске сала кеткен жөн, бір апта бұрын құтқарушылар азаматтардан үйлерін тастап кетуді талап еткен болатын. Алайда, олар эвакуациялық пункттерге өз еркімен орналастырудан бас тартты.

Сондай-ақ Орал қаласының маңындағы су басқан саяжай алаптарының аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Әуеде тікұшақ жұмыс істеуде. Осы сағатқа дейін 100-ден астам үй жануары эвакуацияланды. Жұмыс жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы