Павлодар облысында ер азамат жолда әйелін бостандырып алды

21 Сәуір 2024, 18:19
332
Бөлісу:
Павлодар облысында ер азамат жолда әйелін бостандырып алды
Фото: pixabay.com

Ертіс өңірінде жедел-жәрдем станциясының диспетчері перзентханаға барар жолда толғағы келген 35 жастағы әйелді бостандыруға көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

103 қызметі мамандарының  айтуынша, диспетчер толғағы келген әйелдің жұбайына телефон босандыру бойынша нұсқама беріп, көмек көрсеткен. Нәтижесінде ұл бала дүниеге келді.

Қызықты жағдай Омбы тас жолының бойында орналасқан Береговое ауылына барар жолда болған. Жедел-жәрдем қызметіне хабарласқан әке жұбайының жағдайы туралы хабарлаған. Олар азаматшаны шұғыл түрде перзентханаға әкелу керектігін жеткізген.

Қоңырау түскен бойда оқиға орнына жақын медициналық бригада өкілдерін шақыртқан. Медицинада бұл әдіс «қоңырауда ұстап тұру» деп аталады. Бұл тәсіл бірнеше жыл бойы табысты қолданып келеді. Осы жолы да нәтиже болды. Жедел-жәрдем көлігі жеткенше шекесі торсықтай ұл бала туды. Салмағы - шамамен 3,5 келі, ал бойы – 52 сантиметр. Дәрігерлер тобы тиісті шараларды қолға алып, ананы облыстық пренинаталдық орталыққа жеткізді, - дейді олар.

Облыстық жедел-жәрдем станциясы бас директорының орынбасары Ольга Вербоваяның хабарлауынша, бұл  жол бойында немесе үйде босандырудің бірінші оқиғасы емес.

Бұған дейін дәрігерлеріміздің нұсқамасы бойынша сегіз әйел босанды. Барлық жағдайды «қоңырауды ұстап тұру» әдісі іске асырылды. Біздің қызметте уақыт аса маңызды. Сондықтан, шақырту түскен бойда диспетчерлер хабарласқан адаммен байланыста болып, көмек көрсетеді. Ал осы уақыт аралығында жедел-жәрдем бригадасы да жетіп қалады, - дейді Ольга Вербовая.

Айта кетейік, күнбе күн 70 бригада желіге шығып, кезекшілікте. Олардың құрамында 200 дәрігер, фельшер  мен жүргізуші-парамедик бар. 

Өзгелердің жаңалығы