«Үстірт» қорығының аумағы ұлғаяды

21 Сәуір 2024, 00:44
423
Бөлісу:
«Үстірт» қорығының аумағы ұлғаяды
Фото: baq.kz

«Үстірт» табиғи қорығының аумағы 639 мың гектарға ұлғаяды. Маңғыстау облысында «Оңтүстік Үстірт» кластерлік учаскесі» деп аталатын аумақты құру жұмысы, былтыр басталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24.kz жазуы бойынша, арнайы комиссия құрылып, мамандар кешенді зерттеу жүргізді. Енді Өзбекстан және Түрікменстанмен шектесіп жатқан жер учаскелері «Үстірт» қорығына беріліп, мемлекет қорғауына алынады. «Үстірт» мемлекеттік қорығы Қарақия ауданында орналасқан. Табиғи қорық таңғажайып ландшафттарымен әлемге әйгілі. Жалпы ауданы 223 мың 300 гектар. Бұл аумақта Үстірт арқары, қарақұйрық, итаю, қаракөл, алабарыс секілді аңдар мен түз жануарлары мекендейді. Сондай-ақ Қазақстанның қызыл кітабына енген 22 түрлі құс кездеседі. Қанаттылар арасынан бүркіт, үкі, дуадақ пен қарақұс ұя салып, жұмыртқа басады. Мамандар «Үстүрт қорығын ұлғайту – сирек кездесетін аң-құсты қорғап, бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді», - дейді.

Қазақстандағы ірі мысықтарды сақтау барысында, ортаазиялық барысты сақтау барысында үш елде трансшекаралық жоба іске асты 2023 жылдың мамыр айынан бастап. Жойылып бара жатқан жануар болғасын оны сақтау қалу барысында жүргізіліп жатыр. Мекендеу ортасы болғандықтан үш елде ауысып жүре береді. Мысалы, қай жақта арқардың өсімімен байланыстырып отыр. Қазіргі таңда осы Маңғыстау өңірінде арқар көбейген сайын олар да келіп жатыр, - дейді Мұхаммедрақым Боранбаев, «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметкері.

Өзгелердің жаңалығы