Атырауда Жайық өзенінің деңгейі 409 см-ге жетті

21 Сәуір 2024, 16:18
295
Бөлісу:
Атырауда  Жайық өзенінің деңгейі 409 см-ге жетті
VIDEO
Фото: видеодан кадр

Төтенше жағдай орын алғалы Атырауда  Жайық өзенінің деңгейі әрбір 4 сағат сайын өлшенуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Арнайы мамандар судың деңгейін, ағысын, тереңдігін, енін өлшеп, орташа есеппен секундына қандай көлемде су келе жатқанын есептеуде.

Бақылаушылар шыққан қорытындыны "Қазгидромет" орталығына тапсырады, осылайша, гидрогеологиялық бюллетень жасалады.

Жайық өзені әдеттегі деңгейінен 2 метрге көтерілді. Бүгін, яғни 21 сәуірде судың жалпы деңгейі 409 см жетті. Судың көп бөлігі болжам бойынша мамыр айының басында келеді. Бізге жеткенше жайылмаларға түсіп, жылдамдығы азаяды деген болжам бар, - дейді инженер-гидролог Людмила Приданова.

Жайық өзенінің су деңгейін анықтайтын арнайы гидропостта бірнеше бағана орналасқан.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Атырау қаласында көктемгі су тасқыны кезінде Жайық деңгейінің көтерілуі 440 см-ге жетті.

Өзгелердің жаңалығы