ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады

21 Сәуір 2024, 18:42
354
Бөлісу:
ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезінде мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ ескертеді:

  • құлақтандыру дабылын алған кезде көршілеріңізге ескертіңіздер, мүгедек адамдар мен балаларға көмек көрсетіңіздер, нұсқаулықты қатаң орындаңыздар;
  • киім-кешек, азық-түлік қорын, дәрі-дәрмекті алдын ала дайындаңыздар, құжаттарды су өткізбейтін пакетке салыңыздар;
  • электроэнергия көздерін тоқтан ажыратыңыздар, газды өшіріңіздер, пеште жанып жатқан отты сөндіріңіздер, есік пен терезелерді жабыңыздар;
  • эвакуациялық пункттерден тиісті рұқсатсыз кетпеңіздер;
  • балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;
  • егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгені туралы ақпарат болса, ақпаратты 112 телефонына немесе жедел желі телефонына жіберіңіз!
Өзгелердің жаңалығы