Ұлытау облысында 2 миллионға жуық ағаш егіліп жатыр

21 Сәуір 2024, 20:23
302
Бөлісу:
Ұлытау облысында 2 миллионға жуық ағаш егіліп жатыр
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Жаңаарқа ауданының Қараағаш орманшылығында 1 миллион 700 мың түп қарағай егу жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мақсат – 2025 жылға дейін аталған орынды 18 түп миллион жасыл желекпен көркейту.

Биыл Қараағаштағы 22 мың гектарға жуық аумақтың 300 гектары қамтылады. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының қатысуымен аталған жұмыстың алғашқы күнінде 2 мың түп көшет егілді. Ол үшін жаңадан сатып алынған 12 трактор, 6 ағаш отырғызу машинасы, 6 ПКЛ-70, 6 тіркеме техникалары жұмылдырылған.

Биылғы меже бойынша көзделген 1 миллион 700 мың түп ағашты отырғызу жұмыстары мамырдың ортасында аяқталады. Көшеттерді күтіп баптауды Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы» КММ жүргізеді.

Айта кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында орман қорына 2 млрд., елдімекендерге 15 миллион түп ағаш егуді тапсырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы