Алматыда 99 жастағы соғыс ардагері тұрады

21 Сәуір 2024, 19:26
391
Бөлісу:
Алматыда 99 жастағы соғыс ардагері тұрады

Алматыда әскери қызметшілер 99 жасқа келген соғыс ардагерін құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бостандық ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысына қатысқан Любовь Николаевна Горковскаяны туған күнімен құттықтап барды.

Любовь Николаевна 1925 жылы 20 сәуірде Украинаның Луганск облысында дүниеге келген. Ол неміс басқыншыларының басып алу кезеңіне байланысты ауыр сынақтарды көрді.

1943 жылы қыз майданға өз еркімен аттанды. Әскери байланысшы курсын тәмамдағаннан кейін ол бірінші Украина майданы жаяу әскер дивизиясы алтыншы полкінің бөлімшесіне қабылданды.

Харьков маңындағы ұрыс кезінде Любовь Горковская қызмет еткен дивизия қоршауға алынды. Алайда 1944 жылы сәуірде әскери бөлім жаудың қоршауынан шығып, қарсылас қолынан азат етілген Севастопольге шыға алды. Содан кейін ержүрек байланысшы қыз Беларусь және Балтық жағалауында басталған  шайқастарға да қатысты.

Алматыда 99 жастағы соғыс ардагері тұрады

Жауынгерлік еңбегі үшін Любовь Николаевна I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен қоса, басқа да ордендермен және медальдармен марапатталды. Жеңіс туралы көптен күткен хабарды ол Балтық жағалауында естіді.

Соғыс аяқталғаннан кейін туған жеріне оралып, халыққа білім беру бөлімінде жұмыс істеді. 1946 жылы жұбайымен бірге Қазақстанға көшіп, еңбек жолын жалғастырды.

Любовь Николаевнаның екі баласы бар. Қазір немересімен бірге тұрады. Сұрапыл жылдар сынағы денсаулығына әсер етпей қоймады. Сондықтан жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері ардагерге үнемі барып, оған қолдау көрсетуге тырысады. 

Әскерилер үшін, оның отбасы мен айналасындағылар үшін Любовь Николаевнаның өмірі батылдықтың, төзімділіктің және өмірге деген сүйіспеншіліктің үлгісі болып қала береді.

Өзгелердің жаңалығы