Все новости за 15 сәуір 2023
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қостанайда баланың үстіне футбол қақпасы құлады
Қостанай қаласында 16 жастағы жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлады. Ауруханаға түскен жасөспірімді жасанды тыныс алу аппаратына қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Паром жұмысы уақытша тоқтатылды – ШҚО
Қазіргі уақытта «Қызыл Ту» өткелі қысқы кесте бойынша жұмыс істейді. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты паром жұмысы уақытша тоқтатылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Республиканың 20 жол учаскесінде шектеу бар
Республика аумағында 8 өңірде республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Таразда «Қазақстан барысы» облыстық турниріне қалалық іріктеу жарысы өтті
Таразда Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында қазақ күресінен «Қазақстан барысы» облыстық турниріне Тараз қаласының іріктеу жарысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағының отырысы өтті – Алматы
2023 жылдың 14-15 сәуір аралығында Алматы қаласында Түркі академиясы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қолдауымен Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағы Бас Ассамблеясының VI отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үндістан әскерилері кибершабуылға қарсы озық тәжірибелерімен бөлісті
ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде киберқауіпсіздік бойынша семинар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағанды-Саран тасжолындағы апаттан көлік жүргізушісі қаза болды
Қайғылы оқиға бүгін 17:30 шамасында Қарағанды-Саран тасжолында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда мас адам 4-қабаттан секіріп кетпек болды
Атыраулық полицейлер мас күйінде 4-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Павлодар өңірінде екі жол учаскесінде шектеу алынды
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.
-
«NEKE TOUR» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін Түркістан қаласында «Neke tour» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталып, марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сарапшылар Қазақстанның ветеринариялық қызметінің жұмысын бағалады
Сарапшылар тобы аудандық және облыстық ветеринариялық зертханалардың патологиялық материалды қабылдауының жай-күйі мен дайындығын бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
БАҚ туралы заң нормасына қатысты отырыс өткізілді
Конституциялық Сот «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның жекелеген нормасының конституциялылығын тексеруге қатысты отырыс өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Екі ортада шаруа қиналды". Сарапшы өтінім беретін порталдағы олқылықтарды тізіп берді
2023 жылғы сәуірдің ортасынан асып барады. Бірақ шаруалар мемлекет берген субсидияны әлі ала алмай шырылдап жүр. Қанша айтылса да, құзырлы мемлекеттік орган субсидияға өтініv қабылдайтын (gosagro.kz) жүйедегі кемшіліктерді жоюдың орнына құрғақ уәдемен сан соқтырып келеді. Ұлттық палатаға жүгінген фермерлердің саны да аз емес. «Баяғы жартас бір жартастың» кебін киген шаруалардың амалы таусылды. Ал, АШМ «бәрі жақсы» деп сендірді. Мұны естіген фермерлер: «не министр кетсін, не өзі келіп көрсетсін» деп ашуға булығып отыр.
Мәселе былай – Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қолдаудың» орнына ашқан жаңа gosagro.kz сайтын толық іске қоса алмай отыр. Министрлік «шикі» платформаны пайдалануға беріп, енді шаруалар субсидиясыз қалды. Көктемгі егіс науқанына кешікті деуге де болады. Егін уақытылы егілмесе, өнім қайдан болады? Демек онлайн платформаның жүйесіз жұмысының салдары ауыр – азық-түлік қымбаттап, шаруалар мүлдем егін егуден бас тартуы мүмкін.
Субсидиялардың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің (gosagro.kz) кемшіліктері туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының м.а. Ербол Есенеев айтып берді.
Кейінге шегінейік... Субсидиялау процестерін цифрландыру сәтінен, яғни 2018 жылдан бастап, проблема аз болған жоқ. Оның ішінде Қолдау порталының жеке меншікке тиесілі болуына байланысты фермерлер дербес деректерді қорғау, қызметтер құнының күрт өсуі, техникалық қателердің болуы, кері байланыстың болмауы мәселелеріне алаңдады. Олар кейін «Қолдау» порталын қолдану барысында пысықталды.
Ал биыл АШМ gosagro.kz бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесін қосты. Оның функционалы да, өкінішке қарай, фермерлердің өтінімдерін онлайн тапсыруға және оларды мемлекеттік органдардың қарауына ғана негізделген.
«Жаңа порталда олқылықтар көп. Біреуіне тоқталсам: өтінім дұрыс толтырылмаған жағдайда бұғаттау жоқ. Мысалы, Ақмола облысы бойынша осы жылға «Пестицидтерге арналған нормативтерді бекіту туралы» қаулы қабылданған жоқ, ал өтінімдер ауыл шаруашылығы басқармасына түсіп жатыр. Бақылау-қадағалау органдары қайтару үшін айқындаған субсидиялардың көпшілігі барлық құжатты тапсыру кезінде кәсібилігінің төмендігі немесе заңнаманың өзін екі жақты пайымдауына байланысты белгіленгенін атап өткім келеді», – деді Ұлттық палата өкілі.
Мұнымен қоймай, Ауыл шаруашылығы министрлігі порталдың жұмысы «тамаша» дегендей бұқаралық ақпарат құралдарына таныстырды. Оның үстіне журналистерге фермерлердің қызметіне күмән келтіретінін жеткізген.
«АШМ жақында өзінің әзірленген порталын қорғаймын деп, бұқаралық ақпарат құралдарында фермерлермен ЭШФ-ны тыңайтқыштың немесе пестицидтің бір түріне бірнеше рет қолдану бойынша алаяқтық әрекеттер жасалғандығы, сондай-ақ егістік көлемін сипаттау кезінде ұлғайтқаны туралы айыптап, АӨК-тің барлық субъектінің қызметіне күмән келтірді», – деді Ербол Есенеев.
Сарапшының айтуынша, порталдың жұмысына қатысты проблемаларды тізе берсе көп. Солардың бірі – шаруалардың порталдағы жұмыс процесін түсінбеуі. Ірі холдингте субсидияға өтінім беру үшін арнайы адам табылуы мүмкін, бірақ өзі агроном, өзі зоотехник және өзі басшы болатын шағын фермаларда порталдың жұмысын зерттеп отыратын уақыт жоқ. Сарапшы бұдан бөлек басқа проблемаларға тоқталды.
«Мысалы, 6 құс фабрикасын біріктіретін Aitas ірі холдингі де өтінім беруде қиындықтарға тап болды. № 20 «құс шаруашылығында бірінші және екінші ретті асыл тұқымды репродукторды құру және кеңейту» жобасының паспорты бойынша инвестициялық субсидиялауға өтінім беру кезінде порталда жобаның паспортында көрсетілген тармақтарға сәйкес асыл тұқымды репродукторды салу немесе кеңейту жөніндегі бір жоба шеңберінде салынған ғимараттарды орналастыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына жеке өтінім беру көзделген. Әрбір жеке ғимаратқа және осы ғимараттар үшін әрбір жабдыққа инвестициялық субсидиялауға жекелеген өтінімдер беру дұрыс емес. Осыған байланысты порталды құрылыс заңнамасына сәйкес дұрыстау қажет», – деді ол.
Сондай-ақ, компания пайыздық мөлшерлемеге өтінім беру проблемаларына тап болған. Мұнда банкінің қарыз шарты бойынша қарызды өтеу кестесін толтырған кезде кемшіліктер бар:
- негізгі борыштың қалдығы алынып тасталмайды;
- субсидиялар сомасы және негізгі борыш қалдығының сомасы дұрыс емес деп есептеледі;
- қарызды өтеу кестесі дұрыс емес деп саналады;
- сыйақының субсидияланатын бөлігінің сомасы қолмен де, автоматты түрде де толтырылмайды;
- қарыз алушы төлейтін сыйақы бөлігінің сомасы да қолмен де, автоматты түрде де толтырылмайды;
- қарызды өтеу кестесін толтыру кезінде екінші жолдың не үшін қарастырылғаны белгісіз;
«Бұл мысал тек бір ұйымнан. Фермерлер жүйе заңнамада көзделмеген жекелеген паспорттар бойынша жабдыққа немесе аспалы техникаға тіркеу нөмірін талап ететін мәселелер бойынша да наразылықтарын білдірді», – деп жалғастырды спикер.
Несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша осы уақытқа дейін (2022 жылы мақұлданған) резервке түскен өтінімдердің тізімі жоқ. «Хабарлама» беру процесі қарастырылмаған, яғни төлемдерді қайта жүргізген фермерлер мемлекеттік қолдау шараларын: ішінара мерзімінен бұрын өтеу, құқық иесінің ауысуы және басқаларды ала алмай отыр.
«Ұлттық палата ұзақ уақыт бойы БСН берілген шаруа қожалықтары бойынша «Қолдаудың» әзірлеушілерімен жұмыс істеді. Субсидиялау қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді. Бұл ретте, Gosagro-да осы өзгерістер ескерілмеген және БСН-і бар шаруа қожалықтар өтінім бере алмай, зардап шегіп отыр», – деп қосты Ербол Есенеев.
Бұл Субсидиялардың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі (Gosagro) бойынша проблемалардың ең аз бөлігі ғана.
«Атамекен» Ауыл шаруашылығы министрлігіне олқылықтарды жою, сондай-ақ нақты уақыты мен күні белгіленген жедел штаб құру туралы бірнеше рет хат жолдады. Алайда, осы уақытқа дейін АШМ тарапынан кері байланыс жоқ, ал проблемалар бірнеше айға созылып кетті», – деді сарапшы.
Маманның айтуынша, мемлекеттік база талдау және ақпарат алмасу, өңірлердің мамандануын анықтау, бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін ресурстық көз болуы тиіс – бұл әлемдік тәжірибе.
«АҚШ-та мемлекеттік ақпараттық жүйе осылай жұмыс істейді. Бұл бос өтінім базасы ғана емес, сонымен қатар әкімшілік функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ақпараттық ағындарды басқарудың геопорталы. Ал мұндай міндеттерге қол жеткізу үшін салалық ведомство барлық мүдделі тұлғамен бірлесіп мәселені жедел шешуі қажет», – деп ұсынды Ербол Есенеев.
-
Денесін 3206 рет көтеріп-түсірген австралиялық рекорд орнатты
Австралия тұрғыны Лукас Хельмке кеудені жерге көтеруден жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жақсылықов қатардағы жауынгерін Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Азия чемпионы мерзімді қызметтегі әскери қызметші қатардағы жауынгер Санжар Досжановпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Норвегиялық ҮЕҰ Қазақстанның бейбіт бастамаларын қолдайды
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко төрағасы Торе Нэрлэнд бастаған «Bike for Peace» үкіметтік емес ұйымының делегациясын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Швейцария 17 жылда Қазақстанға 32 млрд доллардан асатын инвестиция құйған
Қазақстан мен Швейцария экономикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қорғаныс министрі өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының жұмысымен танысты
Жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Петропавл, Щучинск гарнизондарында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жапония премьері халық алдына шыққанда жарылыс болды
Вакаяма қаласында Жапония премьер-министрі Фумио Кисида сөйлейтін жердің қасында жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Риа Новостиге сілтеме жасап.
-
Ақмола мен Қарағанды облыстарында тағы 3 жол ашылды
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Петропавлда ислам өркениетінің музейі ашылды
Петропавлда ислам өркениетінің музейі ашылды. 1957 жылы салынған ғимарат бұған дейін зауыт қоймасы ретінде пайдаланылып келген болатын. Нысан мемлекет меншігіне қайтарылып, күрделі жөндеуден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ-тің өңірдегі тілшісі.
-
Алматыда “Ғашықтар күні” тойланып жатыр
Алматы шаһарының Көк-Төбе мәдениет және демалыс саябағында "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
ТЖД елордалықтарға ескерту жасады
Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының күрт бұзылуына байланысты елордалықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауа райына байланысты кешігіп жатқан рейстердің тізімі жарияланды
Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі қолайсыз ауа райына байланысты кешеуілдеген рейстер жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Билли Джин Кинг кубогі: Елена Рыбакина жеңіске жетті
Астанадағы Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңі аясында Қазақстан - Польша матчында еліміздің бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина қарсыласын ұтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай облысында 17 жастағы бала тракторға ілініп қалып, қаза болды
Абай облысында қайғылы жағдайда жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Францияда зейнет жасы ресми түрде ұлғайтылды
Франция президенті Эммануэль Макрон зейнеткерлік жасты 64-қа дейін ұлғайтатын зейнеткерлік реформа жөнінде заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісу көшелерінің бірінде ер адамның денесі табылды
Жетісу облысында полиция ер адамның өліміне иттің қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астананы қардан тазартуға 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды
Астанада қар күреу жұмысына екі мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Республикалық трассаның 6 учаскесінде жол ашылды
Республикалық автожолдардың 6 учаскесінде жол қозғалысына енгізілген уақытша шектеу алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтауда полиция бастығының орынбасары қызметкерін соққыға жықты деп айыпталуда
Ақтауда полиция бастығының орынбасары өзінің қоластындағы қызметкерін соққыға жықты. Аталған видео Желіде жаппай таралып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мұғалім-оқушы-ата-ана. Еліміздің бас ұстазы үндеу жолдады
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ата-аналарға, оқушыларға және әріптестеріне үндеу жолдап, балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Полицейлер жолда қалған 700-ден астам көлікке көмектесті
Ақмола полицейлері 700-ден астам жүк және жеңіл автокөліктерден тұратын 5 автотізбекті межелі пункттерге дейін ертіп жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сатыдағы оқушылар өлімі: Мектеп директоры мен сынып жетекшісіне тәртіптік шара қолданылды
Алматы облысы Білім басқармасы басшының орынбасары Гүлсара Исағұлова Кеген ауданының Саты ауылындағы қайғылы оқиғаға байланысты мектеп директоры мен сынып жетекшісіне тәртіптік шара қолданылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Кеуде соққысынан қайтыс болған. Саты ауылындағы 2 оқушы өлімінің мән-жайы тексерілуде
Алматы облысы Білім басқармасы басшының орынбасары Гүлсара Исағұлова Саты ауылындағы оқушылар өлімінің қалай болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астаналық 14 жастағы оқушы қарақшыны ұстауға көмектесті
102 арнасына Кемеңгерұлы көшесінде белгісіз біреу әйелдің мүлкін ұрлау мақсатында оған пышақпен шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Сатыдағы оқушылар өлімі. Бейсембаев марқұмдардың жақындарына көңіл айтты
Алматы облысы Кеген ауданына қарасты Саты ауылында жасөспірімдер арасында қайғылы оқиға болып, салдарынан екі бала қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ТикТокты еміп отырған нәресте. Қостанайда атағы әлемді мойындатқан суретшінің көрмесі ашылды
Қостанайда атағы әлемді мойындатқан астаналық суретші Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет!» атты көрмесі ашылды, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
-
Ел абыройын асқақтаттыңыздар. Тоқаев Азия чемпиондарын құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Мәдениет үйі жоқ ауылдардың жанайқайы
Ауылдың мәдени өмірі жақсы болмай, қаланың тәртібі түзелмейді. Оны Мемлекет басшысы да Жолдауында жеткізген-ді. Әйтсе де облыс, аудан әкімдерінің саяси шешімдері осы мәселеден айналып кетуде. Жетісудың түкпірдегі ауылдары рухани ошақсыз отыр. Оны еститін Жаңа Қазақстан қайда?, деп хабарлайды Жетісу облысындағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Дархан Қыдырәлі православтықтарды Пасха мерекесімен құттықтады
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі православтықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Ел бойынша республикалық трассалардың 25 учаскесі жабылды
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Коронавирус жұқтырған 81 науқас анықталды
Сонымен қатар КВИ-ге шалдыққан 2 адамның жағдайы ауыр екені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қытайда Қазақстан мен Шэньси өлкесінің ынтымақтастығы талқыланды
Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев Шэньси өлкесіне жұмыс сапарымен барып, өңірдің Халық үкіметінің төрағасы Чжао Ганмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Смайылов Ұлытауда азық-түлік бағасы не себепті қымбат екенін айтты
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар және өңір әкімдігі басшыларының қатысуымен Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді.
-
Түркістанда 11-сынып оқушысы адам өлтірді деген күдікпен ұсталды
Түркістан облысының полицейлері 9 сәуірде Ордабасы ауданындағы суару каналынан мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдіктіні анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ерлан Қожасбай Азия чемпиондарына 1 млн теңгеден сыйақы береді
Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының бұрынғы президенті Ерлан Қожасбай Азия чемпиондарына өз атынан 1 000 000 теңгеден сыйақы береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанаға қыс қайтып келді
Қазір Астана көшелерін қалың қар басып, боран соғып тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Пойыз + автобус": ҚТЖ жолаушыларға жаңа қызмет ұсынады
ҚТЖ жолаушыларға "перроннан үйге дейін трансфер" атты жаңа қызмет ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Азық-түлік бағасы бір жылда 11,8% қымбаттады
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға өзгермеді, ал жылдық мәнде 11,8%-ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады
Қазгидромет 15 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
15 сәуір – Ғашықтар күні
Мәңгілік махаббаттың символына айналған Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні елімізде 15 сәуірде мерекеленеді. Ғашықтар күнін көбіне мектеп, колледж, университет сияқты білім ошақтары атап өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Түркістан облысында 50 шетелдік ел аумағынан шығарылды
Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 50 шетел азаматы сот шешімімен ел аумағынан аластатылып, 4 шетелдік әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
7 жастағы қыз Сириядан Қазақстанға оралды
7 жастағы қыз бала Сириядан елге оралды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық содырдың әрекеті салдарынан баланы елге алғызу 6 айдан астам уақытты алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада көшеден әйелдің денесі табылды
Астанада көшеден әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлады BAQ.KZ.
-
Каспий құбыр консорциумындағы жұмыс қайта жанданды
Теңіз – Новосібір мұнай құбырында 72 сағаттық жоспарлы іркілістен кейін мұнай айдау қайта жанданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Каспий құбыр консорциумының сайтына сілтеме жасап.
-
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 8 учаскесінде жол қозғалысы шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАвтожолдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қазақстандықтардың өмір сүру жасы ұзаруы мүмкін
Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа дейін артуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мұрат Нұртілеу ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация Самарқанд қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталады?
Алматы қаласында гидрометеорологиялық қызмет күнтізбелік 5 күн ішінде белгілеген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8 °С және одан жоғары болуына байланысты қалалық әкімдікпен 2023 жылғы 20 сәуірден бастап жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх