Дархан Қыдырәлі православтықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

15 Сәуір 2023, 11:44
1437
Бөлісу:
Дархан Қыдырәлі православтықтарды Пасха мерекесімен құттықтады
Фото: АҚДМ баспасөз қызметі

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі православтықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пасха - православтар үшін ерекше мереке. Бұл мейрам адамдарды игі істерге жетелеп, мейірімділікке ұмтылдырады. Аталмыш рухани құндылықтар елімізге өте жақын, өйткені біздің мемлекетімізде әртүрлі этностар мен конфессиялардың өкілдері бейбітшілік пен өзара келісімде өмір сүріп жатыр. Баршаңызға зор денсаулық, шаңырықтарыңызға шаттық пен бақ-береке, барлық игі істеріңізге сәттілік тілейміз. Пасха мерекесі құтты болсын!, - делінген министр құттықтауында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады. Ол Мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуына негіз болып отырған гуманизм, діни төзімділік және тілеулестік сияқты құндылықтарды орнықтыруға Православ қауымы зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы