Алматыда “Ғашықтар күні” тойланып жатыр

15 Сәуір 2023, 16:47
1527
Бөлісу:
Алматыда “Ғашықтар күні” тойланып жатыр
Фото: автордан

Алматы шаһарының Көк-Төбе мәдениет және демалыс саябағында "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Атап айтқанда, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Ұлттық ғашықтар күніне орай "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" атты сайыс өтіп жатыр.

Алматыда “Ғашықтар күні” тойланып жатыр

Бүгін жылда өткізілетін дәстүрлі "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" конкурсы өтуде. Сайысқа қаланың әр ауданынан іріктеліп алынған жұптар қатысады. Барлығы - 8 жұп. Бұрын қаланың өзге көрікті жерлерінде өтсе, биыл бірінші рет Көк-Төбеде ұйымдастырылып отыр. Қазір жастар арасында ұлттық құндылықтарға, ұлттық элементтерге деген сұраныс тенденциясы бар. Сондықтан бұл іс-шара қазақы мейрамды дәріптеу және жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды, - деді Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Жанар Талғатқызы.

Сайыс нәтижесі бойынша қатысқан жұптар мен іс-шара қонақтарына бағалы сыйлықтар табысталады.

Алматыда “Ғашықтар күні” тойланып жатыр

Айта кеткен жөн, 2011 жылы Алматы қаласының әкімдігіне қарасты Жастар саясаты басқармасы 15 сәуірді Ұлттық ғашықтар күні ретінде белгілеп, ресми іс-шаралардың қатарына қосқан болатын. Сол уақыттан бері жер-жерде жастар бұл мерекені түрліше атап өтіп, ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастырып келеді.

Өзгелердің жаңалығы