ТЖД елордалықтарға ескерту жасады

15 Сәуір 2023, 16:41
737
Бөлісу:
ТЖД елордалықтарға ескерту жасады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының күрт бұзылуына байланысты елордалықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордада Қазгидрометтің мәліметінше, 15 сәуірде қар, сырғыма боран, көктайғақ, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел 15-20, екпіні 23 м/с ауа температурасының түнде және күндіз 5-7 аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.

112-желісіне 14 сәуір сағат 14.00-ден бастап әртүрлі сипаттағы 3 000-нан астам қоңырау түсті. Астана қаласы ТЖД бөлімшелері желдің қатты болуынан металл конструкциялардың, қаптау плиталарының құлауы, проф парақтардың құлауы, электр сымдарының тұйықталуы салдарынан 10-нан астам рет шақыртуларға шықты, - делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір жолдың нашар көрінуіне, қатты жел мен боранға, көктайғаққа байланысты, барлық алты бағыт бойынша көлік құралдарының барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар автожолдардағы қозғалыс жабық.

Астана - Қостанай тас жолы Қажымұқан кентіне дейін ғана ашық.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына барудан бас тарту, сақ болу, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалау ұсынылады.

Жел күшейген кезде ғимараттардан шығуды шектеуді, үй-жайларда болуды ұсынамыз. Балаларды ерекше бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау маңызды. Егер қатты жел сізді көшеде болсаңыз, жер асты өткелдерінде немесе ғимараттардың кіреберістерінде паналауды ұсынамыз, тіректерден, ағаштардан, билбордтардан, электр желілерінің тіректерінен және сымдардан аулақ болуға тырысыңыз. Жеке автокөлікті ағаштар мен тозығы жеткен ғимараттардан алыстатып қою қажет. Терезелерді, есіктерді, мұржаларды және желдеткіштерді мықтап жабыңыз. Құрылыс объектілері халықты және аумақты қолайсыз ауа райының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдасын.

Өзгелердің жаңалығы