Полицейлер жолда қалған 700-ден астам көлікке көмектесті

15 Сәуір 2023, 13:37
751
Бөлісу:
Полицейлер жолда қалған 700-ден астам көлікке көмектесті
VIDEO
Фото: Polisia.kz

Ақмола полицейлері 700-ден астам жүк және жеңіл автокөліктерден тұратын 5 автотізбекті межелі пункттерге дейін ертіп жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Апаттылықты азайту тәртіп сақшылары жол-коммуналдық қызметтермен бірлесіп, күрделі климаттық жағдайлар: қар, көктайғақ, жаңбыр байқалған автожолдардың жабылуына байланысты трассада қалған автокөліктерді тізбекпен ертіп жүрумен қамтамасыз етілді. 

Атап айтқанда, Жақсы кентінен Қажымұқан ауылына дейінгі Екатеринбург – Алматы халықаралық маңызы бар трассалар, Қостанай қаласының шекарасына дейінгі Жақсы-Есіл - Бұзылық, Астанадан Щучинскке дейінгі Астана - Петропавл Республикалық маңызы бар трассалар, Жезқазған – Петропавл, Қостанай - Әулиекөл - Сурған, Көкшетау-Атбасар трассалары және Астана-Ерейментау-Шідертіге дейін.

Патрульдік жасақтар 770 көлік құралын, оның ішінде 625 жеңіл, 145 жүк машиналарын бірнеше бағытта ертіп жүрді.  Қазір ауа райына байланысты бірқатар автожол жабық. Полиция жүргізушілерден автожолдардың жабылғаны туралы хабарламаны ескеруді, елді мекендерден тыс жерлерге бармауды сұрайды, - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы