Петропавлда ислам өркениетінің музейі ашылды

15 Сәуір 2023, 17:04
2561
Бөлісу:
Петропавлда ислам өркениетінің музейі ашылды
PHOTO VIDEO
Фото: автордан

Петропавлда ислам өркениетінің музейі ашылды. 1957 жылы салынған ғимарат бұған дейін зауыт қоймасы ретінде пайдаланылып келген болатын. Нысан мемлекет меншігіне қайтарылып, күрделі жөндеуден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ-тің өңірдегі тілшісі.

Петропавлда ислам өркениетінің музейі ашылды

Қызылжардағы алғашқы мұсылман мешіті Ойқалада салынған. 

Тарихшылардың айтуынша, 19 ғасырдың басында діни нысандардың саны 9-ға жеткен. Бүгінгі күнге дейін сақталғандары саусақпен санарлық.

Петропавлда ислам өркениетінің музейі ашылды

Кеңес үкіметі кезінде мешіттер жабылып қалғаны белгілі. Сол сәтте бұл нысан зауыт аумағында қалып қойғандықтан, сақталып қалған. Солтүстік Қазақстанда минареті бұзылмаған жалғыз мешіт. Біз оны қалыпқа келтіру үшін құжаттарын таптық. Тұпнұсқаларын Омбы, Орынбор, Уфа, Санкт-Петербург архивтерінен іздедік. 18 ғасырда басылған Құран кітабын таптық. Бұл бірегей жәдігер. Музей ашылатынын естіген қала тұрғындары да түрлі экспонаттарды әкеліп тапсырып жатыр. Оның бір бөлігін көрмеге қоямыз, - дейді облыстық мұрағат директоры Сәуле Мәлікова.

Петропавлда ислам өркениетінің музейі ашылды

Бүгін ашылған Соборлық мешіт жайында архивте бірқатар құжаттар сақталған. 

Петропавлда ислам өркениетінің музейі ашылды

Оның халық арасында құрылысқа қаржы бөлген көпестің құрметіне «Дәулеткелдиев мешіті» аталғаны жайында да деректер де бар. 

Петропавлда ислам өркениетінің музейі ашылды

Музей ерекше сәулетімен көз тартады. Қабырғалары қызыл кірпіштен қаланған. 

Петропавлда ислам өркениетінің музейі ашылды

Ғимараттың бүйірінде салынған екі қабатты мұнарасы жақсы сақталған. Жергілікті тарихшылардың айтуынша, мешіт жанынан медресе жұмыс істеген. Сонымен қатар неке қию, жаңа туған балаларға құжат беру жұмыстары жүргізілген. Оны архивтен табылған метркелік кітап айғақтайды.

Петропавлда ислам өркениетінің музейі ашылды

Музей керемет ұнады. Оны жөндеп, қайта іске қосқаны жақсы болды. Біз асыл дінімізді насихаттауымыз керек. Оның тарихын білуге міндеттіміз. Ертең мұнда мектеп оқушылары, студенттер келіп, өздеріне қаншама пайдалы мағлұмат алады. Ұрпағымыз қасиетті Құран Кәріммен танысып, Алланы танысып өссе, жаман болмайды. Сол арқылы жақсы мен жаманды, ақ пен қараны, адал мен арамды ажыратуды үйренеді. Оны жас та кәрі де білуі керек, - дейді Ырысжамал қажы Әбенқызы.

Петропавлда ислам өркениетінің музейі ашылды

Мешіттің ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты. 

Петропавлда ислам өркениетінің музейі ашылды

Архитекторлар музейді жобалағанда ежелгі стилін сақтап қалған. Қалыңдығы метрге жуық қабырғалар өзгертілген жоқ. 

Петропавлда ислам өркениетінің музейі ашылды

Көне жәдігерлер мен бүгінгі күннің элементтері әдемі үйлесім тапқан. Тарихи нысанды қалыпқа келтіруге облыс қазынасынан 400 млн теңге жұмсалды.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы