Каспий құбыр консорциумындағы жұмыс қайта жанданды

15 Сәуір 2023, 04:21
756
Бөлісу:
Каспий құбыр консорциумындағы жұмыс қайта жанданды
Фото: КТК

Теңіз – Новосібір мұнай құбырында 72 сағаттық жоспарлы іркілістен кейін мұнай айдау қайта жанданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Каспий құбыр консорциумының сайтына сілтеме жасап.

Құбырдың Қазақстандағы бөлігінде мұнай айдау тоқтатылған кезеңде «Теңіз» мұнай айдау стансасында өрт пен газ анықтау жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ «Атырау» мұнай айдау стансасында электрмен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға байланысты жұмыстар орындалды. Құбырдың өткізу қабілеті тар тұстарын кеңейту жобасының аясында әрқайсысы 20 мың м3 көлеміндегі екі жаңа резервуар салу жобасы қолға алынып отыр. Бұл резервуарларды 2023 жылы іске қосу жоспарланған.

Құбырдың жұмысындағы жоспарлы іркілістер жылына бірнеше рет жүргізіледі. Каспий құбыр консорциумы мұнай құбырының жұмысын тоқтату туралы мәліметтерді сарапшылар мен қоғамға алдын ала хабарламайды. Бұл қауіпсіздік мақсатымен және құбырды сырттан кесу тәуекелімен байланысты, - делінген консорциумның баспасөз қызметінің мәліметінде.

Қазіргі таңда теңіз терминалында мұнай жөнелту штаттық режимде жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы