Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

15 Сәуір 2023, 08:25
1040
Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

Қазгидромет 15 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қара теңіз аудандарынан белсенді циклон әлі де еліміздің ауа райына ықпал етеді. Қазақстан аумағында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады, солтүстігінде, солтүстік-батысында – қар, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста – көктайғақ, солтүстікте, солтүстік-батыста - бұрқасын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл, найзағай, бұршақ күтіледі, - деп жазды синоптиктер.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, түнде Ақмола, Қостанай облыстарының батысында, шығысында қатты қар жауады.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында, таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында, түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, түнде Атырау облысының оңтүстігінде, күндіз Абай облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы