Денесін 3206 рет көтеріп-түсірген австралиялық рекорд орнатты

15 Сәуір 2023, 19:03
1111
Бөлісу:
Денесін 3206 рет көтеріп-түсірген австралиялық рекорд орнатты
Фото: Guinness World Records

Австралия тұрғыны Лукас Хельмке кеудені жерге көтеруден жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол бір сағатта кеудені жерге көтеру жаттығуын 3206 рет орындаған.

CNN мәлімінше, 33 жастағы ер адам осы іске бір жасар баласын таңқалдыру үшін, адамның қолынан бәрі келетінін дәлелдеу үшін барған.

Ресми әлемдік рекорд ретінде тіркелуі үшін жаттығу стандартқа сай өткізілуі тиіс болды. Хельмке жаттығуды орындау барысында денесін тік ұстап, аяқ-қолдарын бүкпеуі тиіс болды. 

Рекорд орнату барысында оған тек 3206-сы ғана есептелді. Ал қалған 34-ы жаттығу дұрыс орындалмағасын есептелмеді.

Бұған дейінгі рекордты Даниэль Скали орнатқан еді. Ол 2022 жылдың сәуірінде 3182 рет денесін жерге көтеріп түсірген.

Өзгелердің жаңалығы