Таразда «Қазақстан барысы» облыстық турниріне қалалық іріктеу жарысы өтті

15 Сәуір 2023, 22:15
825
Бөлісу:
Таразда «Қазақстан барысы» облыстық турниріне қалалық іріктеу жарысы өтті
Фото: gov.kz

Таразда Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында қазақ күресінен «Қазақстан барысы» облыстық турниріне Тараз қаласының іріктеу жарысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыс мақсаты – Тараз қаласында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаттарын насихаттау, жастарды ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.

«Қазақстан Барысы» қалалық іріктеу турнирі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министірлігінің Спорт комитеті мен Қазақстан Республикасының қазақ күресі федерациясы бекіткен ережеге сай өткізілді.

Аса тартысты өткен боз кілемдегі белдесу қорытындысы бойынша облыстық турнирге жолдама Айтбек Айболға (1-орын), Бескемпір Айдарға (2-орын), Жаңабек Заңғарға (3-орын) берілді.

 

Өзгелердің жаңалығы