Астанаға қыс қайтып келді

15 Сәуір 2023, 09:35
1334
Бөлісу:
Астанаға қыс қайтып келді
PHOTO VIDEO
Фото: автордан

Қазір Астана көшелерін қалың қар басып, боран соғып тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Соңғы күндері астаналықтардың ұялы телефонына бірнеше мәрте sms-хабарлама келді. Онда секундына 23 метрге дейін жел соғатыны, қатты бұрқасын мен көктайғақ болатыны ескертілді. 

Астанаға қыс қайтып келді

Қазгидрометтің болжамы дәл келді. 14 сәуірде жауын-шашын мен желдің ұйытқуынан басталған ауа райы бүгін қарлы боранға ұласты. Боранның қаттылығы сонша көз аштырмайды. Қар қалың, әрі кейбір жері көктайғақ. 

Астанаға қыс қайтып келді

Қала көшелерін қар басып, жеңіл көліктермен қоса қоғамдық көліктердің жүрісі баяулаған. 

Астанаға қыс қайтып келді

Себебі екі айдан бері қалада жып-жылы ауа райы сақталып тұрғандықтан, жүргізушілердің көбі жаздық шинаға ауыстырып тастаған. 

Астанаға қыс қайтып келді

Астана халқы да ауа райының тосынсыйына дайын екендіктерін білдіріп, қыстық куртка, қалың бас киімдері мен етіктерін қайта шығарыпты. 

Әсем есімді қала тұрғыны бұндай ауа райына таң қалмайтынын айтты.

Астанаға биыл көктем ерте келді деп ерте қуаныппыз. Таңертең ұйқымнан тұрып, терезені қарасам, қалың қар түсіп, боран соғып тұр екен. Дереу жылы киімдерімді шығарып, киініп алдым. Дегенмен бораннан жүру мүмкін емес. Аялдамада ұзақ тұрмын. Автобустар да кешеуілдеп жатыр. Шынымды айтсам, мен мұндай ауа райына таңқалмаймын. Себебі студенттік шағымда, қателеспесем, 2008-2009 жылдары 9 мамырда Астанада дәл осылай боран соққан еді, - деді ол.

Астанаға қыс қайтып келді

P.S. Бұрын қазақ бесқонақ сәуірдің 8-не кіріп,18-не шығады деп есептеген. Бесқонақ келгенде ауа райы бұзылып, қарлы жаңбыр не бірыңғай жауын жауады екен. Аяқ астынан күн суытады. Қыс қайта оралғандай болатын кездері де болады екен. Сол себепті ауа райының осындай тосынсыйын білген қазақтар алыс сапарға шықпайды, жеңіл-желпі киінбейді. Малды тым ұзатып өрістетпейді екен. 

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы