7 жастағы қыз Сириядан Қазақстанға оралды

15 Сәуір 2023, 06:29
811
Бөлісу:
7 жастағы қыз Сириядан Қазақстанға оралды
Фото: 24.kz

7 жастағы қыз бала Сириядан елге оралды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық содырдың әрекеті салдарынан баланы елге алғызу 6 айдан астам уақытты алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір ол Астананың балаларды қолдау орталығында медициналық тексеруден өтіп жатыр. Психологтар баланың жағдайы жақсы екенін айтты. Жақын арада ол туыстарының қамқорлығына беріледі.

Жалпы, 2019 жылдан бастап террористік белсенділік жоғары аймақтардан 500-ден астам бала елге қайтарылды.

Өзгелердің жаңалығы