Түркістан облысында 50 шетелдік ел аумағынан шығарылды

15 Сәуір 2023, 07:25
871
Бөлісу:
Түркістан облысында 50 шетелдік ел аумағынан шығарылды
Фото: aikyn.kz

Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 50 шетел азаматы сот шешімімен ел аумағынан аластатылып, 4 шетелдік әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов өңірде заңсыз көші-қон арнасын анықтап, алдын алу және оларды ұйымдастырушыларды табу, сондай-ақ облыс аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды анықтау мақсатында тікелей тапсырма беріп, арнайы топ құрды. Аталмыш топ 10 тәулік ішінде ел аумағында заңсыз жүрген Өзбекстан Республикасының 114 азаматын анықтаған. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша тиісті хаттамалар толтырылып, жинақталған іс құжаттар жергілікті сотқа жолданды.

Ал Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 50 шетел азаматы сот шешімімен ел аумағынан аластатылса, төрт шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған Қазақстан Республикасының екі азаматының әрқайсысына ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салынды.

Шетел азаматтарын заңда белгіленген тәртіп бойынша қабылдамаған үш Қазақстан азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша шара қолданылды. Осы ретте облыстың бас полицейі М.Қабденовтің жіті бақылауымен заңсыз жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды анықтау жұмыстары үздіксіз жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы