Республиканың 20 жол учаскесінде шектеу бар

15 Сәуір 2023, 22:40
700
Бөлісу:
Республиканың 20 жол учаскесінде шектеу бар
Фото: tengrinews.kz

Республика аумағында 8 өңірде республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«ҚазАвтоЖолға» баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 сәуір сағат 21:00-дегі жағдай бойынша 8 өңірде (Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, қарағанды, Павлодар және Ұлытау) ауа райының бұзылуына байланысты (жаңбыр, қар, бұрқасын) республикалық маңызы бар жолдардың 20 учаскесінде қозғалысқа шектеу бар.

Жабылған жолдардың жалпы ұзындығы 2841 км немесе республикалық трассалар желісінің 11.4% пайызы. Республикалық автожолдарды пайдаланушылардың назарын батыс өңірлерде күн райы күрт бұзылып жатқанына аударамыз. Штаттан тыс жағдай туындағанда 1403 қысқа номеріне қоңырау шалуға болады, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы