Все новости за 31 наурыз 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Түркістанда шенеунік 23 миллион теңге айыппұл арқалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 наурыз күні Түркістан қалалық соты Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы міндетін атқарушы Сабыржан Дадаметовты соттады, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
-
ҚР СІМ орынбасары Брюссельде Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Брюссельде Еуропалық институттар мен Бельгия Корольдігінің жоғары лауазымды өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметінен.
-
ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті. Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Болат Ақшолақов қатысты, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.
-
Мемлекеттік грант конкурсына қатысушылар бизнес жоспар тапсыруға міндетті емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын қандай мақсатқа жұмсау керектігін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
COVID-19 вирусынан өлім-жітім 43%-ға өскен – ДДСҰ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы COVID -19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
2 миллион украиналық бала босқынға айналды – ЮНИСЕФ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 ақпаннан бері Украинадағы балалардың 60%-ға жуығы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл – шамамен 4,5 миллион бала, деп хабарлайды inbusiness.kz БҰҰ жанындағы Балалар қоры, ЮНИСЕФ дерегіне сілтеме жасап.
-
Түркістанда Əбдісалан Нұрмаханов атындағы халықаралық турнир басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда «Olympic Center» спорт кешенінде бокстан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, даңқты спортшы Əбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған кезекті ірі халықаралық турнир басталды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Қызылордада биыл күріштің көлемі 19,6 мың гектарға азаяды
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында жыл өткен сайын су тапшылығы мәселесінің өзектілігі артып, күріш көлемі қысқарып келеді. Уақыт талабына сай егін шаруашылығын әртараптандыру жұмысы нықтап қолға алынды. Алайда Сыр диханшылары басқа дақылдарды егуге ынталы ма? Күріш екпей суды үнемдей аламыз ба? Осы сауалдар бойынша Қызылорда ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Талғат Дүйсебаевпен сұхбат жүргізген болатынбыз.
-
Қазақстан мен БАӘ жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы келісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров бастаған қазақстандық делегация БАӘ-ге сапармен барды.
-
«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватын құрудың мақсаты қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев «Бөкейорда» табиғи резерватын құру бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын түсіндіріп берді.
-
Үздік үштік қатарында: Дубайдағы ЕХРО көрмесінде Қазақстан павильоны несімен есте қалды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 31 наурыз күні дүниежүзілік Expo 2020 Dubai көрмесі өз жұмысын аяқтайды. Бұл туралы BaigeNews.kz хабарлады.
-
Музей қызметкерлері "Ясауи ізімен" ғылыми танымдық жобасы аясында Қызылорда облысына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері "Ясауи ізімен" ғылыми танымдық жобасы аясында Қызылорда облысына барды.
-
Мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылын нығайту қалай жоспарлануда?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуде азаматтық қоғам ұйымдарының рөлін қалай күшейтуге болады? Мәдени саясатты дәріптеуде үкіметтік емес сектордың әлеуеті қалай пайдаланылады? «Қазақстан халқына» қоғамдық қорын құру бойынша жұмыс қалай жүргізілуде және т.б. сұрақтар жөнінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың төрағалығымен өткен бүгінгі ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында белсенді талқылау өтті.
-
Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай Алматыда өткен мерейтойлық жиынның қорытындылары туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Су басу қаупі бар аймақтарға 108 елді мекен кіреді – Ахметов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы бойынша кеңес өткізді.
-
Елордада «Жерұйық-2» саябағы абаттандырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экологиялық таза материалдардан жасалған ойын алаңдары, волейбол және баскетбол алаңдары, жүгіруге арналған жолақтар, серуендеу, демалыс аймағы, тиісті инфрақұрылымдар.
-
Гаагада KLM компаниясының Қазақстанға рейстерін жаңарту мүмкіндіктері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Нидерландтағы елшісі Асқар Жұмағалиев «KLM» әуекомпаниясының халықаралық істер және корпоративтік құқық жөніндегі вице-президенті Фрэнк Прилевитзбен кездесу өткізді.
-
Наурызда enpf-otbasy.kz платформасына келіп түскен өтініштер саны 9 есе артқан
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Еnpf-otbasy.kz платформасы 732 мыңнан астам қазақстандыққа тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге қажет ресурстарды алуға көмектесті.
-
Қазақстандық ҮЕҰ жалпыұлттық жобаларды іске асыруға кірісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі 2022 жылғы конкурстың қорытындылары белгілі болды.
-
Тоқаев Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады.
-
Қазақстанның жаңа саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалары Грузияда талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузияның саясаткерлері, сарапшылары мен іскерлік топтары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауымен қызығушылықпен танысты. Бұл ткралы СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Сарапшы: Қаржылай сауатты болу үшін ақшаға деген көзқарасты өзгерту қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаржылық сауаттылықты еске алсақ, бірден баюды ойлаймыз. Алайда бүгінде адамдар алған айлығын күнделікті қажеттілігіне жұмсаумен шектелуде. Ал келер шақта қандай жағдайлар мен қиындықтар болатынын ойлайтындар аз.
-
Әлихан Смайылов оқу бағдарламаларына «Кәсіптер атласын» енгізуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 31 наурызда Нұр-Сұлтанда ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен білім беру жүйесін қайта форматтау және экономиканың қажеттіліктеріне сай кадрлар даярлауды қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады primeminister.kz.
-
Атырау облысындағы эпизоотиялық жағдай бақылауда - АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырау облысындағы эпизоотиялық жағдайға қатысты Құрманғазы (9 бас) және Исатай (17 бас) аудандарында 26 бас жылқыдан ауру анықталғанын мәлімдейді.
-
Алматыда «Наурыз нақыштары» атты фестиваль өтті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекеттік орталық музейі «Наурыз нақыштары» атты қазақ мәдениеті мен дәстүрлі ұлттық өнерінің фестивалін өткізді.
-
Қазақстан мен Еуропа Одағы ынтымақтастықты нығайтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов пен Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан осы аптаның басында Брюссельге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
1-сыныпқа баратын оқушылар мектепке емтихансыз қабылданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1-сыныпқа баратын оқушылар мектепке емтихансыз қабылданады. Бұл туралы қаланың Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты.
-
Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің төрағасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады.
-
Қарқаралы ауданында ірі балық шаруашылығы пайда болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарқаралы ауданының Қоянды ауылдық округінде Қарасор көлінің жанында ірі балық өсіру шаруашылығын құру бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда.
-
«Бомба қойылды». ІІМ бірқатар қаладағы хабарламаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірқатар қаласында жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарламалар келіп түсті. Polisia.kz-тің хабарлауынша, осы фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
-
Буллинг деген не? Баланы әлеуметтік желілерде қорлаудан қалай қорғауға болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысы ата-аналар қауымдастығының төрайымы Ақбаян Жакипова балаларды буллинг пен кибербуллингтен қорғау маңызды екенін айтады. Сөзінше, бұл мәселеге мемлекет деңгейінде араласпаса, ол індетке айналып бара жатыр.
-
Полицияға елордада бірнеше нысанға «бомба қойылды» деп хабарласқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін полицияға «102» арнасына «My car» және «Lexus» автосалондарының, сондай-ақ «Хан Шатыр» және «Mega Silk Way» СОО-ның электронды мекенжайына белгілі бір электронды мекенжайдан жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы хат келіп түскені жөнінде бірнеше шақырту келіп түскен.
-
Түлектер өздеріне пайдалы ақпаратты таба алады - министр қазақстандық түлектерге хат жазды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық түлектерге хат жазды.
-
Шардарада гір көтеру спортынан ел чемпионаты өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шардара ауданында гір спортынан алғаш рет жас жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
-
Футболдан ұлттар лигасы: Қазақстан Молдованы жеңді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан УЕФА ұлттар лигасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
-
«Қызыл кітапқа» енген сілеусін видеоға түсіп қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтынемел ұлттық паркінде «Қызыл кітапқа» енген Түркістан сілеусіні видеоға түсіп қалды.
-
Алматыда жеті нысанға «бомба» қойылды деген ақпарат тарады - полиция
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда бірнеше нысанға «бомба» қойылды. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
-
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай»: Қызылордада жол бойында 41 кәсіпкерлік нысан бар
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысының шыға берісіндегі «Амангелді» жол бойындағы кешені 7 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
-
Павлодар облысында балықтарды құтқару кезеңі аяқталуда
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында оқшауланған су тоғандарындағы балықтарды қыстан аман алып шығуға бағытталған шаралар аяқталуға жақын.
-
Қазақстан павильоны EXPO 2020 Dubai көрмесінде үздік павильондардың бірі атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 наурыз күні Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) күні аясында Дүниежүзілік EXPO 2020 Dubai көрмесінің жұмысы қортындыланып, EXPO Awards марапаттарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
-
Аймақтарда су проблемасымен айналысатын жас мамандар жетіспейді – зерттеуші
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстандағы ауызсу проблемасы және оны шешу жолдары» тақырыбында өткен конференцияда PhD докторы, су қауіпсіздігін зерттеуші Жания Хайбуллина аймақтардағы ауызсу проблемасын шешуге жастар қалай ықпал ете алатынын айтты.
-
Енді қазақстандықтар цифрлық құжаттарды банк қосымшалары арқылы ала алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар арасында танымал Kaspi.kz және Halyk Homebank мобильді қосымшаларына «Цифрлық құжаттар» қызметі енгізілді. Бұрын цифрлық құжаттарды тек eGov Mobile қосымшасы арқылы ғана пайдалануға болатын. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елімізде 157 елді мекенді су басу қаупі сақталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.
-
ТЖ: 340 елді мекенде су тасқынының алдын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.
-
Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға визасыз кіре алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы қазақстандық азаматтарға қатысты визалық талаптарды өзара жою туралы келісімнің қолданысын жаңғырту қалпына келтіріледі.
-
ТЖ министрі: 60 су қоймасына мониторинг жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл турады Орталық коммуникациялар қызметінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті.
-
Бизнес идеяларды қаржыландыратын мемлекеттік грант жобасының шарттары қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында бизнес идеяларды қаржыландыратын мемлекеттік грант жобасының шарттары белгілі болды.
-
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінде генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
-
Елордада бизнес ашқысы келетін кәсіпкерлерге 5 млн теңгеден беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында берілетін грант сомасы әр кәсіпкердің бизнес жобасына сәйкес 5 млн теңгеге дейін беріледі.
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру тәсілдері ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде елорда әкімінің орынбасары Е.Байкеннің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
-
Орталық Азиядада су ресурстарының тапшылығы артып отыр - Стрикелева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. USAID Қазақстандағы “Су ресурстары және қоршаған орта” бойынша өңірлік жобаның жетекшісі Екатерина Стрикелева Орталық Азиядағы су ресурстарының мәселелерін көтерді.
-
Балалар жылы. Биыл балаларды профилактикалық тексеруге 39,7 млрд теңге қарастырылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жыл – балалар жылы деп жариялағаны белгілі. Осы орайда «Сүйікті бала» арнайы жобасының шеңберінде балаларға медициналық көмекті қаржыландыруда.
-
Атадан балаға мұра болған үш ғасырлық қазан музейге тапсырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастырумен дәстүрлі «Музейге сый» акциясы өтті.
-
Сенатор шаруаларды қолдау үшін ауыл шаруашылығы банкін құруды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы аграрлық сала еңбеккерлерін қаржылай қолдауды күшейту үшін Қазақстанда ауыл шаруашылығы банкін құруды ұсынды. Ол бұл туралы еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында айтты.
-
Рамазан айы. Елордада түнгі уақытта мешіттерге қоғамдық көліктер қатынайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов мәлімдеді.
-
Павлодар облысында эпоксидті шайырдан жасалған шыны пластик құбырларды өндіру жоспарлануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов «Нефтехим LTD» компаниясы» ЖШС-е жұмыс сапарымен барып, жұмсақ бір реттік контейнерлерді жасап шығаратын цехтың жұмысымен танысты және кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті.
-
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 31 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Сенат толық емес жұмыс уақытына қатысты заңды қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат «Толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыс туралы конвенцияны (175-конвенция) ратификациялау туралы» заңның жобасын қабылдады.
-
BAQ-talk: Қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлі қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде әйел теңсіздігі мәселесі өткен ғасырдан бері қозғалып келеді. Бірақ әлі күнге дейін әйел құқықтары сақталмай, тапталып, кемсітушілікке ұшырап жатқанын көреміз.
-
«Сен білесің бе?» атты телевизиялық жоба көрерменге жол тартады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақын арада балалар жылына орай «Сен білесің бе?» атты телевизиялық жоба көрерменге жол тартады.
-
Қаңтардағы тәртіпсіздік: Полиция ғимараты мен Алматы әуежайына шабуыл жасаған адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңалбек Бекиев мәлімдеді.
-
Алматы әкімі Ерболат Досаев зиялы қауым өкілдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында қала басшысы адами капиталдың жоғары сапасын, оның ішінде Алматының ғылыми, шығармашылық және мәдени әлеуетінің зор екенін атап өтті.
-
Түркияның бұрынғы президенті Абдулла Гүл Қазақстандағы реформаларға қолдау білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Абдулла Гүл Түркиядағы міндеттерін тәмамдаған Қазақстанның Елшісі Абзал Сапарбекұлы және Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байелмен болған кездесуде мәлімдеді, депа хабарлады 24.kz.
-
КВИ-ге шалдыққан 32 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 31 наурыздағы ақпаратты жариялады.
-
«Бастау Бизнес»: Ұлттық палата шағын бизнеске грант алуды жеңілдетуді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Ұлттық палата «Бастау Бизнес» жобасына қатысты бірқатар шара ұсынды.
-
IІМ басшысы Қоғамдық кеңестің жаңа құрамымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігінде ведомство жанындағы жаңартылған Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Елде 9,4 млн-нан астам адам вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 наурыздағы Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 455 275 адам, 2 - ші компонентін 9 161 806 адам салдырды.
-
Еліміздің барлық өңірі «жасыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 наурыздағы жағдай бойынша коронавирусқа қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Коронавирус: Елімізде 400-ге жуық адам емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 378 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Бұл туралы індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінде айтылды.
-
21 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 21 жағдайы тіркелді.
-
Бельгия мен Люксембургте Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шаралар өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз мейрамын атап өту аясында Брюссель мен Люксембургте заманауи қазақ мәдениеті мен отандық шығармашылық топтардың өнімдері мен бұйымдарымен таныстырған салтанатты іс-шаралар өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
-
Петропавл жастары үшін «Айбынды әскер» әскери-патриоттық акциясы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Петропавл қаласында болып, орта мектептер мен колледждердің оқушыларына арналған іс-шаралар өткізді, деп хабарлады министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Алматыда жол апатынан 10-нан аса көлік зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаппай жол апатының орын алуына қатты жауған нөсер жаңбыр түрткі, деп хабарлайды Zakon.kz.
-
Елордада ауа райына байланысты электр желілерінде болған ақаулар жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 наурыз күні сағат 12.00-дегі жағдай бойынша «Астана-АЭК» АҚ 10 кВ электр желілерінде 7 технологиялық бұзушылық болды, оның 3-еуі жойылды, қалған жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты «Астана-АЭК» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
-
Шанхайда локдаун күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шанхайдағы локдаун қатаңдатылды. Бұған дейін қалада ішінара шектеу енгізілген еді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
-
Алматыда «ramadan2022.kz» жаңа мобильді сайты іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда «ramadan2022.kz» арнайы мобильді сайты іске қосылды. Онда Оразаға қатысты барлық мәліметтерді алуға болады. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан айтты.
-
Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің ширек финалына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Испаниядағы Марбелья челленджер турнирінің ширек финалына шықты.
-
Степногорск ЖЭО-ға жоспардан тыс тексеру белгіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Степногорск ЖЭО-дағы қазандықтардың апаттық тоқтау фактілері бойынша ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті тарапынан жоспардан тыс тексеру тағайындалды.
-
ІІМ-де ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысымен полиция жұмысының сервистік моделі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігінде Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесу өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Наверх