Рамазан айы. Елордада түнгі уақытта мешіттерге қоғамдық көліктер қатынайды

31 Наурыз 2022, 11:23
3991
Бөлісу:
Рамазан айы. Елордада түнгі уақытта мешіттерге қоғамдық көліктер қатынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов мәлімдеді.

Елордамызда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының 12 мешіті жұмыс істейді. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және еліміздің мұсылмандар діни басқармасының қала бойынша өкілдігімен, тиісті мемлекеттік мекемелермен бірлесе дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда. Елорда әкімдігі тарапынан 2022 жылдың 2 сәуірі мен 1 мамыр аралығында елорда тұрғындарына түнгі уақытта қоғамдық көліктермен қамтамасыз ету мақсатында елорданың ірі мешіттеріне автобустар қатынайтын болады. Айта кетер болсақ, Әзірет Сұлтан мешіті, Әбу Насыр әл-Фараби  мешіті, Сәдуақас қажы Ғылмани мешіті, Ырыскелді қажы мешіті және Райсана мешіті, - деді Нұрдәулет Әлмұханов.

Дін істері басқармасы басшысының айтуынша, рамазан айында туындаған діни өзекті сұрақтар бойынша  «109» Call-center жұмыс істейді. 

Өзгелердің жаңалығы