Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

31 Наурыз 2022, 11:06
1501
Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 31 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Республиканың басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Тек елдің солтүстігі мен шығысында Солтүстік-Батыс циклонның әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста – бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады, делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында желдің күшеюі мүмкін, бұрқасын соғып, көктайғақ болады.

Қостанай облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. 

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ, тұман болып, жел күшейеді.

Маңғыстау облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл соғып, жел күші 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, күндіз облыстың солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының шығысында тұман түсіп, түнде облыстың солтүстігінде жел болады.

Алматы облысының солтүстік-шығысында жел күші 15-20, екпіні 25 м/с жетіп, түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20, кей уақыттарда 23 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарын тұман басады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с, түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында тұман түседі.  

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысының батысында тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы