Бизнес идеяларды қаржыландыратын мемлекеттік грант жобасының шарттары қандай?

31 Наурыз 2022, 12:42
2101
Бөлісу:
Бизнес идеяларды қаржыландыратын мемлекеттік грант жобасының шарттары қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында бизнес идеяларды қаржыландыратын мемлекеттік грант жобасының шарттары белгілі болды.

Ол туралы қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифингте Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров айтып берді.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында берілетін грантқа қатысу үшін жаңа бизнес идеяларды іске асыруға бизнес жобаның міндетті шарттары бекітілген, - деп айтты басқарма басшысының орынбасары.

Ол жобаның негізгі шарттарына тоқтала кетті.

- Жаңа бизнес идеяны құру;

- Кәсіпкер сұрап отырған грант сомасының шамамен 10%-ы өзінде болуы;

- Жаңа жұмыс орнын құруы.

Сонымен қатар Қуаныш Сапаров бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражаты қандай мақсаттарға пайдаланылатынын түсіндірді.

Тауарларды шығаруға немесе қызметтерді көрсетуге қажетті негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, технология, кешенді кәсіпкерлік лицензия, франшиза сатып алуға, зерттеу жұмыстарымен немесе жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығыстарға беріледі. 

Сонымен қатар жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын қандай мақсаттарға жұмсауға болмайды:

- жылжымайтын мүлік сатып алу;

- жалақыға үлестік компанияларға қосылу;

- бұрын қолданыста болған қарыздарды жабу.

Еске сала кетейік, бұған дейін биыл елордада бизнес жобаларды қаржыландыруға қанша грант бөлінетіні туралы айтқан болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы