Алматыда жол апатынан 10-нан аса көлік зардап шекті

31 Наурыз 2022, 06:13
1296
Бөлісу:
Алматыда жол апатынан 10-нан аса көлік зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаппай жол апатының орын алуына қатты жауған нөсер жаңбыр түрткі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасы қаладағы шығыс айналма жолдың бойында орын алды. 10-нан аса көлік жаппай соқтығысты, деп хабарлайды Алматы ПД Telegram-арнасы.

Бірінші болып келе жатқан көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қоршауға соғылды. Оның артынан келе жатқан көліктің жүргізушісі де қатты көктайғаққа байланысты тоқтап үлгермеді. Ары қарай тізбекті реакция орын алды, олардың ешқайсысы көлігін дер уақытында тоқтата алмады.

Бақытқа орай, апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиға орнына келген дәрігерлер көліктердің бірінің жүргізушісін қарап, оған сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Жол полициясы қызметкерлері жол-көлік оқиғасының барлық фактілерін анықтайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы