Елімізде 157 елді мекенді су басу қаупі сақталады

31 Наурыз 2022, 13:18
2169
Бөлісу:
Елімізде 157 елді мекенді су басу қаупі сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазгидрометтің наурыздың үшінші онкүндігіне арналған нақтыланған апталық гидрологиялық болжамына сәйкес, республика аумағында ауа райы тұрақсыз, қатты жауын-шашын, 23-28 м/с дейінгі екпінді жел күтіледі.

Қарағанды облысындағы Шерубайнұра, Кеңгір, Ақмола облысындағы Есіл,  Ақмола облысындағы Қалқұтан, Сілеті, Ақтөбе облысындағы Қарғалы өзендерінің бассейндерінде жинақталған ылғал қорының көлемі азайып, орташа көп жылдық өлшемнен төмен болды. Ақмола облысындағы Жабай, Шағалалы, Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау өзендерінің бассейндерінде жинақталған ылғал қорының көлемі норма шегінде, - деді Төтенше жағдайлар министрі.

Сонымен қатар министрдің атап өтуінше , ылғал қоры көлемінің артуы орташа көпжылдық өлшеммен салыстырғанда Ақмола облысындағы Есіл , өзендерінің бассейндерінде, Ақтөбе облысындағы Ілек, Қарағанды облысындағы Нұра, Батыс Қазақстан облысындағы Чижа-2, Деркөл, Шаған, Қостанай облысындағы Тобыл және Аят өзендерінің бассейндерінде тіркелген.  

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында оң температураға көшу таяудағы апта ішінде күтіледі, бұл ретте температураның аздап төмендеуімен қатар жүретін болады. Бұл қарқынды қар еру мен сең жүрудің басталуына ықпал ететін болады, бұл осы өңірлердегі су басу қаупі алынбаған су тасқыны қаупі бар 157 елді мекенді су басу қаупін тудыруы мүмкін, -деді Юрий Ильин. 

Өзгелердің жаңалығы