Алматыда жеті нысанға «бомба» қойылды деген ақпарат тарады - полиция

31 Наурыз 2022, 14:36
2314
Бөлісу:
Алматыда жеті нысанға «бомба» қойылды деген ақпарат тарады - полиция

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда бірнеше нысанға «бомба» қойылды. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазір мамандар нысандарда тексеру жұмыстарын жүріп жатыр.

Таңертең жеті нысанда жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы ақпарат тарады. Оның үшеуі тексерілді. Ақпарат жалған болып шықты. Қалғандарында мамандар жұмыс істеп жатыр. Тексеру арнайы құралды қолдану арқылы жүзеге асырылуда. Алгоритмге сәйкес нысандарға келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланады. Азаматтардан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұрайды,- деді Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, тексерілген нысан -3 банк. Қазір барлығы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Екі сауда үйі, халықаралық әуежай мен бір оқу орнында тексеру жұмыстары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы