Қазақстан мен БАӘ жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы келісті

31 Наурыз 2022, 20:50
1850
Бөлісу:
Қазақстан мен БАӘ жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы келісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров бастаған қазақстандық делегация БАӘ-ге сапармен барды. 

Делегация құрамына Энергетика бірінші вице-министрі М.Жүребеков, «KIDF» қорының және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басшылығы кірді.

Сапар аясында БАӘ Экономика министрі, Әбу Даби Экономикалық даму департаментінің басшысы, «Mubadala», «Masdar», «Metito», «Sharaf Group», «West Hydrocarbons Commercial Investment LLC» және т.б. сияқты БАӘ инвестициялық қорлары мен компанияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өтті. Іскерлік келіссөздердің қорытындысы бойынша тау-кен металлургия кешені, мұнай-химия және жаңартылатын энергетика саласындағы жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұдан бөлек, сапар шеңберінде қазақстандық делегация «Investopia» және «Annual Investment Meeting» инвестициялық форумдарына қатысты, сондай-ақ, Масдар-Ситиге және Әбу Дабидегі «KIZAD» Халифа өнеркәсіптік аймағына барды.

Өзгелердің жаңалығы