1-сыныпқа баратын оқушылар мектепке емтихансыз қабылданады

31 Наурыз 2022, 16:33
3438
Бөлісу:
1-сыныпқа баратын оқушылар мектепке емтихансыз қабылданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1-сыныпқа баратын оқушылар мектепке емтихансыз қабылданады. Бұл туралы қаланың Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты.

1 сәуірден бастап 1 тамызға дейінгі жалпы орта білім беретін мектептерге 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады. Биылғы оқу жылында 1-сыныпқа шамамен 26 мың бала келеді деп күтіліп отыр. Білім беру ұйымдары дайындық деңгейлеріне қарамастан қызмет көрсететін аумақта тұратын 6 жастағы және күнтізбелік жылда 6 жасқа толатын балаларды 1-сыныпқа қабылдайды, - деп түсіндірді басқарма басшысы.

Айтуынша, мамандандырылған мектептерден басқа барлық мектеп 1-сыныпқа баратын оқушыларды ешқандай емтихансыз қабылдайды.

Әр мектепте ата-аналарға көмек көрсету мақсатында бірінші сыныпқа қабылдау бойынша комиссиялар құрылды. Ата-аналар құжаттарды электронды үкімет веб-порталы (egov.kz) арқылы және қағаз түрінде тапсыра алады. Алғашқы 3 өтініш мектептің аумағында тұратын балалардан қабылданады. Біреуі ата-аналардың өтініші, яғни таңдауы бойынша қабылданады, - деп айтты Қасымхан Сенғазыев.

Қажетті құжаттар тізімі: 

- Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);

- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

- «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

- 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

- 3х4 көлеміндегі 2 фото.

Қасымхан Сенғазыев білім беру ұйымы ата-анадан тізімде көрсетілмеген құжаттарды талап етуге құқығы жоқ екенін еске салды.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар ата-анасының келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы негізінде жүргізіледі. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау ережеге сәйкес 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында жүргізіліп келеді. Конкурс 15-30 сәуір аралығында жүргізіледі, - деп түсіндірді Білім басқармасы басшысы.

Ол атап өткендей, білім беру ұйымдарына негізсіз қабылдаудан бас тартылса, онда білім ұйымдарының Call-орталығына хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы