2 миллион украиналық бала босқынға айналды – ЮНИСЕФ

31 Наурыз 2022, 21:45
1629
Бөлісу:
2 миллион украиналық бала босқынға айналды – ЮНИСЕФ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 ақпаннан бері Украинадағы балалардың 60%-ға жуығы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл – шамамен 4,5 миллион бала, деп хабарлайды inbusiness.kz БҰҰ жанындағы Балалар қоры, ЮНИСЕФ дерегіне сілтеме жасап.

Ұйымның есебі бойынша, оның екі миллионы басқа елдерге қоныс аударған. Қалған 2,5 миллионы басқа елдімекендерге көшкен.  

"Украинадағы жағдай шиеленісуде. Үйлерін тастап кетіп жатқан балалардың қатары артуда. Біз олардың әрқайсысы білімге, қауіпсіздікке және қолдауға мұқтаж екенін есте ұстауымыз керек", – дейді ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Кэтрин Рассел.

Ресми мәліметке сәйкес, 24 ақпаннан бері Украинада жүзден астам бала қаза болды. Тағы 134 бала түрлі деңгейде жарақат алды. 

ЮНИСЕФ мамандарының айтуынша, қаза тапқандар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы