Мемлекеттік грант конкурсына қатысушылар бизнес жоспар тапсыруға міндетті емес

31 Наурыз 2022, 22:30
2027
Бөлісу:
Мемлекеттік грант конкурсына қатысушылар бизнес жоспар тапсыруға міндетті емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын қандай мақсатқа жұмсау керектігін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оның айтуынша, кәсіпкерлер жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдаланылады: тауарларды шығаруға немесе қызметтерді көрсетуге қажетті негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, технологияларды, кешенді кәсіпкерлік лицензия, франшиза сатып алуға, зерттеу жұмыстары мен жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығыстар. 

Ал мемлекеттік грант қаражатын жылжымайтын мүлік сатып алуға, жалақыға, үлестік компанияларға салуға және бұрын қолданыста болған қарыздарды жабуға жұмсауға болмайды. 

Сонымен қатар ол мемлекеттік грант алу конкурсына қатысу үшін бизнес жоспар тапсыру қажет еместігін айтты. 

Биылғы ережеге сәйкес бизнес жоспар өткізу қажет емес. Жалпы «Қолдау» ақпараттық порталына бизнес жоспардағы мәліметтерді енгізесіздер, – деді Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров.

Өзгелердің жаңалығы