Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің ширек финалына шықты

31 Наурыз 2022, 02:35
1605
Бөлісу:
Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің ширек финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Испаниядағы Марбелья челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген А.Недовесов пен пәкстандық Айсам Куреши бастапқы кездесуін бразилиялық Рафаэль Матос – испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен өткізді. 

Қазақстандық-пәкстандық жұп 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Недовесов пен Куреши 1 сағат 22 минутқа созылған бәсеке барысында 5 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Олардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Португалияның Оэйраш қаласында өтіп жатқан челленджер жарысында жекелей сында Дмитрий Попко алғашқы кездесуінде италиялық Лусиано Дардериден 3:6, 2:6 есебімен ұтылып қалды. Ал Тимофей Скатов екінші айналымда Бразилияның бірінші, әлемнің 116-ракеткасы Тьяго Монтейроға тартысты матчта есе жіберді – 7:6 (7:5), 2:6, 6:7 (4:7).

 

Өзгелердің жаңалығы