Елордада бизнес ашқысы келетін кәсіпкерлерге 5 млн теңгеден беріледі

31 Наурыз 2022, 12:28
1958
Бөлісу:
Елордада бизнес ашқысы келетін кәсіпкерлерге 5 млн теңгеден беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында берілетін грант сомасы әр кәсіпкердің бизнес жобасына сәйкес  5 млн теңгеге дейін беріледі. 

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифингте Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров айтты.

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы жыл сайын мемлекеттік гранттар конкурсын өткізеді. Биыл мемлекеттік гранттар бойынша құжаттарды қабылдау 1 сәуірден 15 сәуірге дейін жалғасады. Биыл жергілікті бюджеттен 345 млн теңге бөлінді. Бұл жалпы есеппен алғанда шамамен 69 жобаны қаржыландырады, - деп айтты ол.

Сөзінше, бөлініп отырған қаражаттың 20%-ы халықтың әлеуметтік осал топтарына бағытталады. Оның ішінде 45 млн теңге жастарға арналған гранттар. 

Биыл ережелерге өзгерістер енгізілді. Бағдарламаға Нұр-Сұлтан қаласында өз ісін бастауды жоспарлап отырған жеке кәсіпкерлер немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ретінде тіркелген шағын кәсіпкерлер субъектілері қатыса алады. Ал грант сомасы әр кәсіпкердің бизнес жобасына сәйкес 5 млн теңгеге дейін беріледі, - деп толықтырды Қуаныш Сапаров онлайн брифингте.

Өзгелердің жаңалығы