Все новости за 28 мамыр 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ақтауда жастар мен полицейлердің төбелесі видеоға түсіп қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда мекемелердің бірінде болған жастар мен полицейлердің төбелесі видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Lada.kz.
-
Каспий теңізінің мәселесі: Тегеранда Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының IV отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келіссөзге Әзербайжан, Қазақстан, Ресей мен Түрікменстан елдерінің делегациялары қатысты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында мәлім етілген.
-
Елдегі 10 012 сайлау учаскесі дауыс беруге дайын – Орталық сайлау комиссиясы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жөнінде ОСК хатшысы «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңында» өткен референдум тақырыбына қатысты отырыста мәлім етті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
-
Павлодар облысында белгісіз заттан 7 адам уланып, бесеуі көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған факті Ертіс ауданының полиция бөлімінде тіркелген, тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
-
Каспий теңізіне 700-ден астам құтқарылған бекіре жіберілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шекарашылар кең ауқымды «Бекіре» акциясы аясында 308 километрден астам браконьерлік торды тәркіледі, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
-
Павлодарда 10 тонна өсімдік майын тиеген жүк көлігінің тіркемесі өртеніп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда 10 тонна өсімдік майын тиеген жүк көлігінің тіркемесі өртеніп кетті. Оқиға сағат 12:06-да Успенка ауылының маңындағы республикалық маңызы бар Павлодар – Успенка – РФ тас жолында орын алды, деп хабарлайды Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
-
Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 72-бап
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ата заңымыздағы Конституциялық кеңес туралы баптарды қамтыған алтыншы бөліміндегі құқықтық құжат түгел өзгерді. Соның бірі – 72-бап.
-
Жаңаөзендік спортшы әлем чемпионы атанды
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жаңаөзендік Жадыра Бердімұхамбетова пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды. Жарыс Алматы қаласында өтті. Онда әлемнің 36 елінен келген спортшылар бақ сынаған.
-
Ақтөбеліктер қала күнін тойлап жатыр
Ақтөбе облысы. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақтөбе қаласының құрылғанына 153 жыл толып отыр. Осыған орай бүгін облыс орталығында мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр. Түске дейін облыстың 90 жылдығы мен қала күніне орай шаһар сыртындағы ипподромда облыс әкімінің жүлдесіне арналған «Аламан бәйге» және көкпардан турнир өтті.
-
Алматыда жаңа метро станциялары ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станциялары іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.
-
Дәрігерлер күйзеліс кезінде артық салмақ жинап алмаудың жолдарын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер мазасыз адамдарға не жеу қажеттігін атады. Үнемі күйзелісте жүретін жандарға В тобының дәрумендері мен магнийді тұтыну қажет деп жазады Lenta.ru.
-
Елордада жыл басынан бері 87 бала із-түзсіз жоғалып кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жыл басынан бері 87 бала іс-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп деп хабарлады turkystan.kz .
-
Болат Ақшолақов Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 28 мамырда Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу барысында Болат Ақшолақов Энергетика министрлігі қызметінің бағыттары және өңірдегі мұнай-газ саласының негізгі көрсеткіштері туралы айтып берді.
-
«Батыс» өңірлік қолбасшылығында сарбаздар әскери ант берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Бейнеу гарнизондарында осы жылдың көктемінде Қарулы күштер қатарына шақырылған 500-ден астам әскери қызметші Отан алдындағы борышына адал болуға салтанатты түрде ант берді.
-
Елімізде тұңғыш рет Мәдениет форумы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
-
БҰҰ қазақстандық бітімгер әйелдің тарихы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Ұлттар Ұйымы қазақстандық бітімгер әйелдің тарихын айтып берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
-
АҚШ-та коронавирусқа қарсы жаңа дәрі қолданысқа енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та коронавирус індетіне қарсы ішетін дәрі қолданысқа енгізілуі мүмкін. Ел үкіметі осылайша, COVID-19-дың жаңа толқынының пайда болу қатерін азайтуды жөн көрген деп жазады The New York Times.
-
Ақмола облысында қызметтік ит қылмысты әшкереледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында қызметтік ит есірткі затын табуға көмектесті. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Халықаралық сарапшылар Қарағанды облысындағы колонияларға барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ өкілдері Қарағанды облысындағы төтенше қауіпсіздік мекемесі мен әйелдер колониясына барды, деп хабарлайды Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.
-
Елордада дүкеннен 20 қорап шоколад ұрлаған ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы супермаркеттердің бірінде дүкен тонаушысы шоколад ұрлағаны үшін ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
-
6 қазақстандық турист тауға жорық кезінде мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 қазақстандық турист тауға жорық кезінде мемлекеттік шекарадан заңсыз өткені белгілі болды. ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, былтыр шекара қызметі мемлекеттік шекарадан 6 заңсыз өту фактісін тіркеген.
-
Мұрат Бақтиярұлы "Қазпошта" ұжымымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында "Қазпошта" АҚ ұжымымен кездесіп, алдағы референдумды талқылады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
-
Ұлттық ұлан сарбаздары елорда тұрғынына жоғалған смартфонын тауып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұланның жауынгерлері елорда көшелерінің бірінен табылған қымбат смартфонды тауып, иесіне табыстады. Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, оқиға кеше кешкісін орын алған.
-
Ольга Перепечина: Жаңа Қазақстан – өзгеріс үстіндегі әлемдегі жалпыұлттық ерекшелігімізді нығайту жолы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
-
Сенат спикері Асанәлі Әшімовты мерейтойымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев әйгілі театр және кино актері, режиссер Асанәлі Әшімовты мерейтойымен құттықтады.
-
Үкімет басшысы Адриана Бланко Маркизомен кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясы (ДДҰ ТКНК) Хатшылығының басшысы Адриана Бланко Маркизомен кездесу өткізді.
-
«Шынайы бауырластыққа негізделген достық пен туыстық дипломатиясы» халықаралық конференциясы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстардың орнағанына 30 жыл толуына орай «Шынайы бауырластыққа негізделген достық пен туыстық дипломатиясы» атты халықаралық конференция өтті.
-
Ақмола облысында Барселона қаласының "Гуттманн институты" клиникасының аналогы пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Ақмола облысына жұмыс сапары аясында "Viamedis" ЖШС емханасына барып Клиникалық-оңалту орталығының қызметімен танысты, деп хабарлайды
-
Ақмола облысында бюджет қаржысын жымқыру дерегі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының прокуратурасы прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша Қосшы қаласында сыртқы электрмен жабдықтау объектілерін салу кезінде 222 млн теңгеден астам сомаға аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
-
ТҮРКСОЙ мәдениет және қоғам қайраткерлерін марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Достық үйінде Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының бас хатшысы ТҮРКСОЙ мәдениет және өнер қайраткерлерімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу өткізді.
-
Алматы облысындағы саяжайларға елдімекен статусы берілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында саяжайлық бірлестіктер мен бау-бақша серіктестіктеріне елді мекен статусын беретін механизм іске қосылып, Алматы аймағында тұратын 183 мыңнан астам адамның аса өзекті мәселелерінің шешілуіне септігін тигізеді. Бүгін өткен кездесуде облыс әкіміне қойылған сұрақтардың басым бөлігі салаға арналғаны бекер емес, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Петропавл жылу электр орталығындағы түтін мұржасы толық бұзылатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда ЖЭО-ның жартылай құлаған түтін мұржасы толығымен бұзылатын болды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
-
Алматыда мопед ұрлаған әке мен бала ұсталды
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Алматыда мопед ұрлаған әке мен бала ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Азаматтар медициналық сақтандыру бойынша ұсынылатын медициналық көмек үшін қосымша ақы төлемеуі тиіс
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Емделушілер тегін медициналық көмек немесе МӘМС бойынша ұсынылатын медициналық көмек үшін қосымша ақы төлемеуі тиіс. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елордалық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елімізде темекі тартатындар саны азайған – ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.
-
Еліміздің этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық институттары саяси реформаларды талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Достық үйінде ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық институттары басшыларының реформаларды талқылауға арналған кеңейтілген республикалық онлайн-жиналыс өтті.
-
Еліміздегі коронавирус инфекциясы туралы мәлімет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 мамырдағы мәлімет бойынша, 149 адам коронавирус инфекциясынан (–96+ және 53 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 50 пациент стационарда, 99 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
-
Қауіпті агрометеорологиялық дауылды ескерту
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылы құрғақшылық туралы алғашқы дауылды ескертуді Қазгидромет шығарды.
-
Елордада қонаққа келген әйел үй иесін тонап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі.
-
Ұшқыштың қымбат сыйлығы. Әлеуметтік желідегі алаяқтардың жаңа айласы жайлы не білесіз?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпараттық технология дамыған сайын алаяқтық жасаудың жолдары мен әдістері де көбейе түсті. Әлеуметтік желі арқылы танысып, кейін ақшаға алдап кететін серілердің қарасы соңғы кезде көбейген. Бұған оларға алданған қыз-келіншектердің оқиғалары дәлел болып отыр.
-
Офицерлер біліктілігін жетілдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың әскерлер қызметін ұйымдастыруға жауапты мамандарының және Қарулы күштердің әскери полиция органдары бақылау бөлімшелері бастықтарының оқу-әдістемелік жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚМ баспасөз қызметі.
-
"Елбасы медалі" бағдарламасы 3 өңірде жалғасып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе, Түркістан және Маңғыстау облыстарында "Елбасы Медалі" бағдарламасы жұмысын жалғастырып жатыр.
-
Аида Сатыбалдинова боксқа қайта оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық бұрымды боксшы Аида Сатыбалдинованың (5-2-1, 5 КО) кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz.
-
Алматыда тұңғыш рет «Асанәлі» сыйлығы табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл сыйлық жуырда Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі Асанәлі Әшімовтың 85 жасқа толуына орай тағайындалған, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Елордалық мамандар Ақтөбелік әріптестерімен жасанды орман өсіру тәжірибесімен бөлісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық мамандар Ақтөбе облысындағы әріптестеріне жасанды орман өсіру технологиясы тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Атырауда Илья Жақановтың 85 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстанның Еңбек Ері», Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, өнер зерттеушісі, композитор Илья Жақановтың 85 жылдығына арналған «Әнім саған, туған ел» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық Азия елдеріне сапары аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдум қарсаңында Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
-
Петропавл полициясына жарылыс қаупі туралы жалған хабарлама түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл полициясына жарылыс қаупі туралы жалған хабарлама түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Шекарашылар браконьерлерге 3 млн теңгеден астам айыппұл салды
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Шекарашылар браконьерлерге 3 млн теңгеден астам айыппұл салды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматыда БҰҰ-ның штабтық офицерлер курсы аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан, Ұлыбритания, Мозамбик және Пәкістан күштік ведомстволарының 15 өкілі біліктілікті арттыру туралы сертификат алды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Елордада Қазақстан бітімгерлеріне құрмет көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы күштердің мемлекеттік әскери-тарихи музейінде 2003-2008 жылдары Иракта бітімгерлік миссия атқарған «Қазбатқа» арналған көрме ашылды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Депутаттар Маңғыстау теміржолшыларымен референдум маңызын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин Маңғыстау өңіріндегі сапары барысында Маңғыстау теміржолшыларымен кездесті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
-
Таразда оқушылар сарайы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы жариялаған Балалар жылына арналған іс-шаралар жоспары аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Таразда «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының ашылу салтанаты өтті.
Наверх