6 қазақстандық турист тауға жорық кезінде мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен 

28 Мамыр 2022, 16:00
2097
Бөлісу:
6 қазақстандық турист тауға жорық кезінде мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 қазақстандық турист тауға жорық кезінде мемлекеттік шекарадан заңсыз өткені белгілі болды.  ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, былтыр шекара қызметі мемлекеттік шекарадан 6 заңсыз өту фактісін тіркеген. 

 Азаматтар туристік мақсатта Алматы асуы арқылы Үлкен Алматы шатқалына шығуды жүзеге асырған. Оған барар жолда олар мемлекеттік шекарадан 300 метр қашықтықта орналасқан Алматы көліне барған. Көл географиялық жағынан Қырғыз Республикасының аумағында орналасқан.

Осыған ұқсас заң бұзушылық фактісі 2022 жылы тіркелген.

Жоғарыда аталған еліміздің азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-б. 392-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

Туристер: Дулати даңғылы – «Іле-Алатау» МҰТП экопосты – Үлкен Алматы көлі – Космостанция – Турист шыңының солтүстік-батыс беткейі – Проходное шатқалы – Алагир өзенінің оң саласы – Проходная өзені – Проходная асуының кең аңғары бағдары арқылы жүрген. 

Айта кету керек, аталған маршрутта шекарадан өту орны көрсетілген ақпараттық таблолар, «шекаралық аймақ» деген жазулары бар көрсеткіш бағаналар бар, бұдан басқа ҚР Мемлекеттік шекарасы шекаралық белгімен белгіленген.

Өзгелердің жаңалығы