Елімізде тұңғыш рет Мәдениет форумы өтті
28 Мамыр, 18:00 669

Елімізде тұңғыш рет Мәдениет форумы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. 

Бүгін Ару шаһарымыз Алматы төрінде «Ұлт рухы – ұрпақ мұраты» атты Қазақстанның І Мәдениет форумын өткіздік. Еліміздің барлық өңірінен келген сала өкілдерінің, зиялы қауымның басын қосқан іс-шара мәдениет пен өнер төңірегіндегі көптеген түйткілді мәселені ортаға салды. Өзекті тақырыптарды батыл көтеріп, болашақ рухани бағыт-бағдарымызды ашық талқылаған спикерлерге ерекше алғыс айтамын, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ форум барысында мәдениет саласына елеулі үлес қосқан азаматтарға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы табысталды. 

Форум аясында Президентіміздің Жарлығымен бекітілген 50-ге жуық әріптесімізге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын салтанатты түрде табыстадық.


Аталған марапат салаға бар саналы ғұмырларын арнаған нағыз мәдениет майталмандарына берілді. Форум ары қарай министрліктің Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырған ашық аспан астындағы тұңғыш кітап жәрмеңкесімен жалғасты, - деді министр. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...