Каспий теңізіне 700-ден астам құтқарылған бекіре жіберілді

28 Мамыр 2022, 22:02
1464
Бөлісу:
Каспий теңізіне 700-ден астам құтқарылған бекіре жіберілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шекарашылар кең ауқымды «Бекіре» акциясы аясында 308 километрден астам браконьерлік торды тәркіледі, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Шекарашылар Каспий теңізінің акваториясында 59 жүзу құралын пайдаланған 128 құқық бұзушыны ұстады.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 308 километрден астам браконьерлік кәсіпшілік құралы – тор тәркіленді.

Теңізге 702 бекіре және 2 132 частик тұқымдас балық жіберілді.

Құқық бұзушыларға 3,1 млн теңге айыппұл салынды. Жол берілмеген шығынның мөлшері 1,1 миллиард теңгеден асады.

Өзгелердің жаңалығы