Елімізде темекі тартатындар саны азайған – ДСМ

28 Мамыр 2022, 11:40
2468
Бөлісу:
Елімізде темекі тартатындар саны азайған – ДСМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, ел тұрғындарының 70%-ға жуығы темекі шегуге салынған тыйымдарды қолдайды. 

2020 жылы «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау саласы туралы» Кодекс қабылданды. Кодекс арқылы темекі өнімдеріне, соның ішінде табак өнімдері мен вейптерге қарсы іс-шараларды реттеуді қарастырылады. Сонымен қатар қабылданған іс-шаралар темекі өнімдерінің дәстүрлі түрлерін тұтынуды қысқартуға мүмкіндік берді, қазақстандықтардың 70%-ы темекі шегуге тыйым салуды және темекі түтінінен азат орта құру жөніндегі шараларды қолдайды. Тұтынушылардың қыздырылған темекіден жасалған жаңа өнімдер денсаулыққа аз қауіп төндіреді деген жаңсақ түсінігінің таралуы байқалады, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сондай-ақ ДСМ өкілі темекіні тұтыну қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі екенін атап өтті.

Бұл ретте Қазақстанда 2006 жылы ДДҰ негіздемелік конвенциясын ратификациялау және темекіге қарсы іс-қимыл жөніндегі осы тиімді шаралардың арқасында темекі өнімдерінің дәстүрлі түрлерін тұтынуды қысқартуға қол жеткізілді. Біз темекі өнімдерінің барлық түрлеріне, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға қатысты темекіге қарсы күрес жөніндегі ДДҰ - ның ұлттық заңнамасы мен негіздемелік конвенциясының талаптарын сақтауды орынды деп санаймыз,- деді ведомство басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы