Ақтөбеліктер қала күнін тойлап жатыр
PHOTO
28 Мамыр, 19:30 689

Ақтөбеліктер қала күнін тойлап жатыр

Ақтөбе облысы. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақтөбе қаласының құрылғанына 153 жыл толып отыр. Осыған орай бүгін облыс орталығында мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр. Түске дейін облыстың 90 жылдығы мен қала күніне орай шаһар сыртындағы ипподромда облыс әкімінің жүлдесіне арналған «Аламан бәйге» және көкпардан турнир өтті.

 Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты. Кешқұрым Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта «Ақтөбе — алтын бесігім» атты мерекелік концерт өтеді. 

Қала сыртында өткен аламан бәйгеге еліміздің 14 облысынан командалар қатысты. Бәйгеде шабандоздар ұзындығы 20 шақырымды құрайтын 8 айналымды шауып өтті. Тартысты өткен бәйгеде Алматы облысынан келген Мерхат есімді шабандоз 1-орынды жеңіп алды. 2-орынды Ақтөбе облысының Қобда ауданы иеленсе, 3-орын Алматы облысынан келген «Нұрай» шаруа қожалығына бұйырды. 

Ал көкпардан өткен турнирге барлығы 8 команда қатысты. Олардың ішінде Ақтөбе қаласының «Көкпар» командасы бас жүлдені иеленіп, 500 мың теңге ақшалай сыйлық алды.

 Бүгін қала күніне орай өткен «Аламан бәйгеде» облыс әкімінің кубогы сарапқа салынды. Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген шабандоздар жарысқа жіті дайындалған, атбегілер арғымақтарын баптап келіпті. Тартысты өткен бәйгеде Алматы облысынан келген Мерхат есімді шабандоз бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпазға «Нива» автокөлігі сыйға тартылды. Осы бәйгеге қатысқан еліміздің өзге облыстарынан арнайы келген шабандоздарға ризашылығымызды айтамыз, — дейді Ақтөбе облыстық «Бәйге» федерациясының президенті Азат Жукен. 

                    

  Сондай-ақ қаланың туған күніне орай Ақтөбеде жалпы ауданы 2808 шаршы метр болатын «Жібек жолы» азық-түлік базары ашылды. Жібек жолы (Заречный-3) тұрғын алабында орналасқан базар жеке инвестордың қаражатына салынған. Бұл жерде жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері сатылатын болады                                              

Бүгінде арайлы Ақтөбеміз абаттанып, әдемі шаһарға айналды. Тұрғын үйлер, мектептер мен балабақшалар салынуда, стадиондар мен спорт алаңдары жабдықталуда. Дегенмен, қаламызды көркейту үшін әлі де көп жұмыс атқарылуы тиіс. Қолға алған жобаларды жүзеге асыруға ақтөбеліктердің белсенді қолдауы қажет.Туған қаламыздың дамуына өз еңбегімен, өнерімен, күш-қайратымен үлес қосып жүрген ақтөбеліктерге ризашылығымды білдіремін. Бүгін қаламызда мерекелік шаралар өтіп жатыр. Қала тұрғындарының көңілінен шығады деп үміттенемін, — деп тілегін білдірді шаһар басшысы Асхат Шахаров.         

                                                    

  Айта кету керек, кешқұрым облыс орталығындағы Тұңғыш Президент атындағы мерекелік шара аясында «Networking» ашық сұхбат алаңы ашылып, «Келбетті қалам — Ақтөбе» атты қылқалам шеберлері мен фотосуретшілердің көрмесі өтеді. Сондай-ақоблыстық филармония мен қалалық Мәдениет үйінің ұжымы мерекелік концерт ұйымдастырады. Бұл концертке жастар арасында танымал әншілер Садраддин, Калифарния және «Виа «Ақтөбе», «Aizabi», «Меховая 8/1» топтары өнер көрсетеді. Сонымен қатар бүгін облыстың 90 жылдығы мен қала күніне орай өңірдегі барлық ауданнан келген өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынады. Мерекелік концерттер қаланың 14 алаңында өтеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...