Жаңаөзендік спортшы әлем чемпионы атанды

28 Мамыр 2022, 19:45
1887
Бөлісу:
Жаңаөзендік спортшы әлем чемпионы атанды
PHOTO

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі.  Жаңаөзендік Жадыра Бердімұхамбетова пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды. Жарыс Алматы қаласында өтті. Онда әлемнің 36 елінен келген спортшылар бақ сынаған. 

Жадыра жастар мен жасөспірімдер арасындағы бәсекеде өнер көрсеткен .

Жарыста 185 келі зілтемірді бағындарған Жадыра Бердімұхамбетова үздік шықты. Пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері бұған дейін Азия ойындарында 2018 және 2019 жылдары чемпион атанған болатын. 

Жаңаөзендік спортшы әлем чемпионы атанды

Ал ерлер арасындағы сында 150 келіде өнер көрсеткен Қайрат Үргешбаев күміс жүлдегер атанды. 

Мен «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» нормативін орындадым. Оңай болған жоқ. Бірақ арұаны кеңге салып  демалып жата алмаймын. Өйткені алда күштік құрлымдар арасында әлемдік ойындар өтеді. Соған дайындаламын , дейді Қайрат Үргешбаев. 

Жалпы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша маңғыстаулық спортшылар барлығы 11 медаль жеңіп алды. 

Өзгелердің жаңалығы