Ақмола облысында қызметтік ит қылмысты әшкереледі

28 Мамыр 2022, 17:00
1307
Бөлісу:
Ақмола облысында қызметтік ит қылмысты әшкереледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында қызметтік ит есірткі затын табуға көмектесті. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады. 

Степногорск қаласындағы 3517 әскери бөліміне жергілікті құқық қорғау органдарынан  есірткі затын табуға көмек көрсету бойынша тапсырыс келіп түседі. Қала маңындағы жергілікті жерден ірі көлемдегі есірткі жасырылуда деген жедел ақпаратқа әскери бөлімнен кинолог маман ефрейтор Ғалымжан Өтепбергенов «Миранда» лақап атты қызметтік итімен аттанады. 

Тұрғын үйлердің біріне кірген «Миранда» бірден үйді тінтіп, бөлмелердің бірінен есірткі жасырылып тұрғанын белгімен білдіреді. Нәтижесінде қызметтік ит нұсқаған жерден жасыл түсті 6 пакет табылады. Осылайша ұландықтардың төрт аяқты сенімді досы өзінің иісшілдігін танытады. 

«Миранда» есірткі затын табуға арналған қызметтік ит. Мінезі жақсы, ойнағанды жақсы көреді. Тіпті, есірткіні іздеуді ойын ретінде көреді. Осыған дейін де ол жақсы нәтижелер көрсеткен. Болашақта да есірткі іздеу саласында жетістіктер көрсететініне сенімдімін,- дейді ефрейтор Ғалымжан Өтепбергенов.

Өзгелердің жаңалығы