Елордада жыл басынан бері 87 бала із-түзсіз жоғалып кеткен

28 Мамыр 2022, 18:45
2564
Бөлісу:
Елордада жыл басынан бері 87 бала із-түзсіз жоғалып кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жыл басынан бері 87 бала іс-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп деп хабарлады turkystan.kz .

Бала жоғалу оқиғасына адами фактор әсер етуі мүмкін деген болжам бар дейді сарапшылар. Ал полиция қызметкерлері үйде орын алып жатқан түйткілдер де жеткіншектің өзге адамның жетегіне тез еріп кетуіне әсер ететінін айтады.

16 жастағы Жамал Бекетова 10 күннен бері іздестіріліп жатыр. Аулаға доп ойнаймын деп кеткен жеткіншек үйіне оралмаған. Ұшты-күйлі жоқ. Көрдім, білдім дегендер де табылар емес.

Жамалдың жоғалғаны туралы бізге 17 мамыр күні мәлімет келіп түсті. Біз сол сәттен бастап барлық ақпараттарды жинап, іздестіру жұмысын бастадық. Балалар баруы мүмкін деген жердің барлығын қарап шықтық. Бірақ, 10 күн өтті. Әлі табылмады. Қазір бүкіл Қазақстан бойынша біздің әр өңірдегі еріктілер жеткіншекті іздеп жатыр, – деді волонтер Дамир Сәлімов.

Дамирдің айтуынша, еріктілер орталығына күніне 2-3 баланың жоғалғаны туралы мәлімет келіп түседі. Ішкі істер органдарының қызметкерлері де мұндай жағдайдың жиілеп тұрғанын растайды.Биыл балалардың жоғалу дерегі өткен жылмен салыстырғанда 2 есе өскен. Бірақ, көп жағдайда олар табылады дейді.

Ата-аналар мысалы аулада ойнап жүрген кезде 5-6 жастағы баласын таппай қалған жағдайда 102 номеріне хабарласады. Бірақ артынша ол балалар табылып жатады. Келесі аулаға ойнап кетуі мүмкін. Ол балалар кейін бірден табылады, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы Полиция басқармасының Ювеналдық полиция аға инспекторы Ұлбосын Мұсабекова.

Өзгелердің жаңалығы