Аида Сатыбалдинова боксқа қайта оралды
28 Мамыр, 08:50 736

Аида Сатыбалдинова боксқа қайта оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық бұрымды боксшы Аида Сатыбалдинованың (5-2-1, 5 КО) кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz.

BoxRec ақпараты бойынша, Сатыбалдинова 18 маусым күні Коммерс (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында америклық Элизабет Туанимен (1-7, 0 КО) кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған. 

Айта кетейік, Аида Сатыбалдинованың шаршы алаңға шықпағанына үш жылдай уақыт болды. Ол соңғы кездесуін 2019 жылы шілдеде өткізде. Аталған айқаста отандасымыз мексикалық Даяна Гонсалестен ұтылды.


Фото: дереккөз
Загрузка...