Елордалық мамандар Ақтөбелік әріптестерімен жасанды орман өсіру тәжірибесімен бөлісті

28 Мамыр 2022, 08:08
2244
Бөлісу:
Елордалық мамандар Ақтөбелік әріптестерімен жасанды орман өсіру тәжірибесімен бөлісті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық мамандар Ақтөбе облысындағы әріптестеріне жасанды орман өсіру технологиясы тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы көгалдандыру және орман шаруашылығы саласында тәжірибе алмасу үшін Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасындағы әріптестерімен, сол сияқты орман шаруашылығы директорларымен қаланың жасыл белдеуін аралап шықты.

Елордалық мамандар Ақтөбелік әріптестерімен жасанды орман өсіру тәжірибесімен бөлісті

Аралау барысында өсімдіктердің жерсінуі мен өсу қарқынын анықтау үшін 2012-2021 жылдар аралығында отырғызылған түрлі тұқымдарды қарап шықты. Тараптар жасанды орман өсіру технологиясы, зиянкестер мен аурулардан қорғау және қорғау бойынша тәжірибе алмасты. Жасыл желектерден басқа рекреациялық объектілерін, оның ішінде ат соқпағын, жол-соқпақ желісін, су құю станциясын және қырғауыл мекендейтін орындарды аралап шықты.

Елордалық мамандар Ақтөбелік әріптестерімен жасанды орман өсіру тәжірибесімен бөлісті

«Жасыл белдеу – бұл Нұр-Сұлтанның «өкпесі» деп айтуға болады. Олар елорданың экологиялық жағдайына оң әсер етеді. Нақтырақ айтқанда бұл орман ауа сапасын жақсартуға септігін тигізеді, әрі қаланың климатын жайлы етеді, сол сияқты қаланы жел мен шаңнан қорғайды. Елорда тұрғындары мен қонақтары жасыл белдеу аумағында емін-еркін жүріп, демала алады, – деп атап өтті қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева.

 

Өзгелердің жаңалығы