Ұлттық ұлан сарбаздары елорда тұрғынына жоғалған смартфонын тауып берді

28 Мамыр 2022, 15:18
1508
Бөлісу:
Ұлттық ұлан сарбаздары елорда тұрғынына жоғалған смартфонын тауып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұланның жауынгерлері елорда көшелерінің бірінен табылған қымбат смартфонды тауып, иесіне табыстады. Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, оқиға кеше кешкісін орын алған. 

27 мамыр сағат 21:05-те «Сарыарқа» ауданы бойынша қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметке түскен Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің жауынгерлері жоғалған «Iphone 11»телефонның тауып иесіне қайтарды. 

Әскери жасақ бастығы қатардағы Наурызбек Бақыт патрульшілер қатардағы Арсен Әбілханұлы мен Артем Музыченкомен бірге көше бойын патрульдеп келе жатқанда жерден «Iphone 11» ұялы телефонын көріп иесін іздей бастайды. Сонымен қатар патрульдік топ бастығына баяндама жасайды. Біраз уақыт өте телефон иесі өзі де қоңырау соғады. Сөйлесіп, уағдаласқан уақытта оқиға орнына келген телефон иесі, ұландықтарға өз алғысын білдірді. 

Өзгелердің жаңалығы