Дәрігерлер күйзеліс кезінде артық салмақ жинап алмаудың жолдарын атады

28 Мамыр 2022, 19:00
1885
Бөлісу:
Дәрігерлер күйзеліс кезінде артық салмақ жинап алмаудың жолдарын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер мазасыз адамдарға не жеу қажеттігін атады. Үнемі күйзелісте жүретін жандарға В тобының дәрумендері мен магнийді тұтыну қажет деп жазады Lenta.ru.  

Кейде адамдар қатты күйзеліп, мазасызданған кезде психикасы жағымды эмоцияларды бастан кешіргісі келетіні заңдылық. Әдетте мұндай жағдайларда ең алдымен тамақ көмекке келеді. Бұл мида орналасқан рахат сезімді сезетін орталықтың әрекет ететін ең оңай тәсілі. Алайда өзіңді тамақпен алдандырып, артық салмақ жинап алмас үшін биологиялық белсенді қоспаларды қолдану стресс деңгейін төмендетуге көмектеседі деп отыр мамандар. 

Кей адамдар жүйке жүйесі сыр бере бастаса, өшін тамақтан алады. Егер адамға ешкім көңіл аудармаса, жауапсыз махаббаттың құрбаны болса, кейде тіпті, сынақ тапсырардың алдында да қобалжып, кейде жалғыздық сезімін бастан кешірген кезде магний жақсы көмектеседі, - дейді дәрігерлер. 

Бұл минерал шемішке мен дәндерде көп. Сондай-ақ магний жасыл көкөністердің құрамында кездеседі. Одан бөлек биологиялық белсенді қоспаларды қосымша қолдануға болады.  

Өзгелердің жаңалығы