Все новости за 30 қыркүйек 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қызылордада қылмыстық топтың басшысы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада 2 мың 479 түп қарасора өсімдігін өсіріп, баптаған қылмыстық топ қолға түсті, деп жазды aikyn.kz.
-
Қазақстан Сингапурмен бірлесіп, жаңа қала тұрғызады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Сингапур Алматы облысындағы жаңа қаланы бірге дамытады. Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығында Премьер-министр Асқар Мамин G4 City жаңа шаһарын дамыту жоспарымен танысты, деп хабарлайды 24.kz.
-
Цой: Өзге елдермен вакцинация паспортын тану мәселесі пысықталуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэти Личпен кездесу өткізді.
-
«Рухани жаңғырудың» жаңа жобалары таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов Қазақстанның «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институтының кеңсесінде институт қызметімен және бағдарламаның жаңа жобаларымен танысты.
-
Жамбылдағы жарылыс. Жаралылар марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда қару-жарақ қоймасындағы жарылыстан жарақат алғандар марапатталды. Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен облыстық департаменттің 48 қызметкеріне «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалі табыс етілді.
-
Абай оқуларының жеңімпаздары марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының мұрасын дәріптеу мақсатында әлеуметтік желілерде жариялаған «V Абай оқулары» әдебиет сайысының жеңімпаздарын марапаттады.
-
Темір жолда болатын оқиғаның 14 пайыздан астамы суицидтік жағдай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Статистика бойынша жыл сайын теміржолда жаяу адамдарды басып кетудің 50-ден астам жағдайы орын алады. Қайғылы жағдайлардың негізгі себебі – зардап шеккендердің жеке қауіпсіздік ережелерін сақтамауы және ұқыпсыздығы.
-
Желкенді қайық спортынан ел кубогы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желкенді қайық спорты бойынша Қапшағайда Қазақстан кубогі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
1 қазаннан бастап Ресей заңсыз мигранттарды елден шығарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей ішкі істер министрлігінің көші-қон мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Валентина Казакова 30 қыркүйектен кейін заңсыз жүрген мигранттар елден шығарылады деп ескертті.
-
Белгілі дипломат Қайыр Омаров өмірден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Дипломатия қызметіне еңбек сіңірген қызметкер Қайыр Омаров дүниеден өтті. Бұл туралы Қайрат Лама-Шәріп хабарлады.
-
Алматыда Тұңғыш Президент саябағы маңында өрт шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Тұңғыш Президент саябағына жақын жерде өрт шықты. Қараусыз қалған кафенің жазғы алаңы жанып жатыр. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады.
-
Қарттар күні. Елордада 85 мыңға жуық қарияға көмек көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан 84 867 зейнеткерге әлеуметтік көмек көрсетіледі.
-
БҒМ жаңа акция бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әр адамның өмірінде оның алғашқы ұстазы ерекше орын алады. Бұл туралы ҚР БҒМ Асхат Аймағамбетов өз парақшасында жазып, жаңа акция бастады.
-
Көші-қон заңнамасын бұзған 30-ға жуық азамат елден шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО көші-қон қызметкерлері “Учаске” ЖПІШ аясында Ақтоғай аумағындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз жел станциясы құрылыс жұмыстарымен айналысқан Тәжікстан Республикасының 29 азаматын анықтады.
-
Президент өкілі Братиславаға барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілінің Братиславаға жұмыс сапары өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Түркістанда 5 елді мекенге газ берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Сайрам ауданында табиғи газ қосылған елді мекендер саны артты.
-
Маңғыстауда жыл басынан бері мал ауруларына қарсы 240 201 доза вакцина егілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы ветеринария басқармасының басшысы Бердібек Марқабаев мәлім етті.
-
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы үшін конкурс өткізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды.
-
Жамбылда алғашқы медициналық көмек көрсететін 3 орталық ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласындағы №5 емхана мен Жамбыл және Меркі аудандық ауруханасының базасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетін үздік практикалық орталықтар облыста алғаш рет ашылды. Заманауи үлгіде жабдықталған орталықта білікті дәрігерлер қызмет етеді.
-
Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі белгіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақтағы қазақстандық спортшы Жәнібек Әлімханұлының (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні айтылды.
-
Мектеп медпунктінде балаларға қандай медициналық көмек көрсетіледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мектеп медицинасы – бұл білім беру ұйымдарындағы мектеп және мектеп жасына дейінгі балаларға медициналық көмекті ұйымдастыратын медицинаның бір саласы. Яғни, балалардың денсаулығын қорғау және нығайту бойынша көрсетілетін медициналық қызметтер, аурулардың алдын алу және олардың денсаулық жағдайын динамикалық бақылау шаралары қамтылады.
-
Ұлттық ғылым академиясының академигі І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті М.К. Сүлейменовті І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтады.
-
Алматы жастарының әрбір екінші өкілі жұмыспен қамтылған
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен онлайн режимде Жастар ұйымдары мүшелерінің қатысуымен Алматы қаласы әкімі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
-
Адамның жемқорлыққа әуес болуы тал бесік тәрбиесінде жатыр – Қыдырәлі Болман
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы продюсер, мәдениет, өнер қайраткері, Англия патшайымының алтын орден иегері Қыдырәлі Болман мәлім етті.
-
Ауыл мектептеріне 2 млн теңге сыйға тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұстаздар күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев қоры «Ел Үміті» жобаларында жоғары нәтиже көрсеткен ауыл мектептеріне 2 млн теңге сыйға тартты.
-
Солярка тапшылығы қолдан жасалмас үшін жанармай бекеттері тексеріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады. Оның айтуынша, дизотын тапшылығына жол берілмеуі тиіс.
-
Францияның бұрынғы президенті бір жылға сотталып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Париж соты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді 2012 жылы сайлау науқанын заңсыз қаржыландырғаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырды.
-
Министр елдегі отын дағдарысының себебін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.
-
Алматыда үй жануарларын тегін кастрациялау басталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында қаңғыбас жануарлардың санын реттеудің 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасы аясында шамамен 4000 ит пен мысықты зарасыздандыру көзделген.
-
Алматы тұрғындарына 14,9 млрд теңгенің дәрісі тегін берілді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жылдың өткен 9 айында Алматы тұрғындарына 14,9 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілді.
-
Полицейлер зейнеткерге 1,5 млн теңгесін қайтарып берген жігітке алғыс білдірді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы ПД бастығының атынан шаһардың 23 жастағы тұрғынына алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді. Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
-
Үкімет елді дамытудың басым бағыттарын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр хабарлады.
-
Жастар саясаты саласындағы кадрларды кәсіби дамыту жобасы бастау алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін жастар саясаты саласындағы республикалық және өңірлік басқару кадрларын кәсіби қолдау мақсатында «Кәсіби даму академиясы» жобасы бастау алды.
-
Димаштың әні Кубаның ұлттық телеарнасында шырқалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қыркүйекте Куба телеарнасының «De La Gran Escena» («Ұлы сахнада») бағдарламасында қазақстандық орындаушының әні тағы да шырқалды.
-
2025 жылға қарай Алматы облысындағы жолдардың сапасы 99%-ға жақсарады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысындағы маңызы бар жолдардың сапасы 2025 жылға қарай 99 пайызға артады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов «Jetisý Media» алаңында өткен брифингте айтты.
-
Astana Open: Данилина екінші айналымнан аса алмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Анна Блинковамен бірге Astana Open турнирінің жұптық сынында жеңіліске ұшырады.
-
Ресей Қазақстандағы жолбарыстар популяциясын қалпына келтіруге жәрдемдеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге Қазақстандағы жолбарыстар популяциясын қалпына келтіру жөніндегі жобаға қатысуды ұсынды.
-
Алматыдағы 200-ден астам зейнеткер әлеуметтік клубтарда сабақ өткізіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Адамның жас мөлшері қайырымды іс жасауға кедергі емес. Қаламызда 200-ден астам зейнеткер өскелең ұрпақ үшін сабақ өткізіп жатыр. Бұл туралы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Жәнібек Қаратаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
-
Тоқаев парниктік газ шығарындыларына берілетін квота жүйесіне қатысты пікір айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.
-
Елорданың Мемлекеттік академиялық филармониясына Еркеғали Рахмадиевтің есімі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрметті достар! Сіздермен керемет жаңалықпен бөліскім келіп отыр! Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 12 нысанға яғни білім ошақтарымен Мәдени мекемелерге қазақтың танымал тұлғаларының есімі берілді, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Ерлан Дәкенов.
-
Елордада тұңғыш рет федерациялар кубогы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың 2-4 қазан аралығында Елорда төріндегі «Қазанат» атшабарында Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен қос федерацияның кубогы өтеді.
-
Джошуа мен Усиктің екінші жекпе-жегінің қашан болатыны айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр салмақтағы WBA, IBF, WBO және IBO чемпионы украиналық Александр Усиктің (19-0, 13 КО) промоутері Александр Красюк британиялық Энтони Джошуаның (24-2, 22 КО) командасы келісімшарттағы қарымта айқас туралы опцияны әлден іске асыруға кіріскенін мәлім етті.
-
Ресей Қазақстанда АЭС салып қана қоймай, оған кадрлар дайындай алады – Путин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.
-
Биыл Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы рекордтық көрсеткіш орнатады – Путин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.
-
Бір жыл ішінде шетелдік нөмірлі көліктерден қанша салық түсті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі шетелдік нөмірлі көліктердің салық мәселесі қалай жүзеге асырылады. Бір жыл ішінде бұл көліктерден мемлекетке қанша салық түсті? Бұл сұраққа ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев жауап берді.
-
Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл отырғызылады – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.
-
Каспий итбалығы мен киік. Тоқаев бірегей жануарларды сақтау мәселесін көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.
-
Тоқаев өзен суларын үнемді пайдаланудың жаңа әдісін ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.
-
Тоқаев Ресеймен бірлесе жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.
-
Президент Қазақстан мен Ресей шекарасындағы жүк тасымалдау проблемаларын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.
-
Тоқаев мультимодульдық тасымалдау бағдарламасын құруды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.
-
Тоқаев Каспий аймағында жүзеге асырылатын 6,5 млрд доллардың жобалары туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.
-
Қазақстанда 7 мыңнан астам ресейлік кәсіпорын жұмыс істейді – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.
-
Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы онлайн форматта өтіп жатыр.
-
Қасым Аманжоловтың сирек фотосуреттері мен құжаттары Ұлттық мұрағат қорын толықтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының мемлекеттік архивінде ақын және жазушы Қасым Аманжоловтың жеке мұрағат қоры таныстырылды.
-
Декларациялау рәсімі барынша жеңілдетілді – Жайдар Іңкәрбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы баспасөз конференциясында ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтты.
-
Тәтті түтіннің ащы зардабын шеккендер. Вейптің буынан уына дейін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жастар арасында электронды құрылғыларды қолдану соңғы кезде белең алып барады. Қазір бір реттік вейпті қолжетімді бағаға сатып алуға болады. Электронды темекіні сатып алуға жас шектеуі жоқ. Себебі жасөспірімдердің оны шегіп жүргенін көруге болады. Электронды уды кәмелет жасына жетпегендердің пайдалануына жаза бар ма?
-
Жалпыға бірдей декларациялаудың кезеңдері айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 42-қадамын және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау үшін 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлім етті.
-
Депутат карантин кезінде ішімдікке тәуелділердің саны күрт өскенін айтып, дабыл қақты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай хабарлады. Сондай-ақ ол пандемия кезінде «халық емі» деп ішімдікті жарнамаушылардың көбейгенін алға тартып, Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың атына депутаттық сауал жолдады.
-
Нығматулин: Жұртшылыққа экологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділік қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты. Сондай-ақ ол азаматтық қоғамның қоршаған ортаны қорғауға қатысуының ашық тетіктерінің қажеттігін атап өтті.
-
Мәжілісте Каспий теңізінің экологиялық жағдайына қатысты заң қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы мақұлданды.
-
eGov.kz порталында спортшыларға арналған жаңа қызмет қолжетімді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ болашақ спортшыларды тәрбиелейтін ата-аналарға ыңғайлы болу үшін eGov.kz-те онлайн қызметтерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізді.
-
#ГендерLIKE. Ерекше жандардың ішкі жігері мықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «ГендерLIKE» интернет жобасының кезекті шығарылымында ерекше жандардың қоғамдағы орны, оларға жағдайдың жасалуы, жан-дүниесі, қажеттіліктері сынды жалқы дүниелер талқыланды. Мамандар ерекше балалардың ата-аналары мен оларға қажетті қолдау туралы әңгімеледі.
-
Сенатор терминологиялық комиссияның жұмысын жандандыру мәселесін көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Сенат отырсында депутат Мұрат Бақтиярұлы қазақ тілі терминологиялық комиссиясы жұмысының проблемаларын шешуді сұрады.
-
Мәжілісте саяси лауазымды адамдардың қаржылық ашықтығына қатысты заң жобасы мақұлданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.
-
Елімізде жайылым тапшылығы 29 млн гектардан асқан – сенатор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі ауылдар маңында жайылым жетіспейді, ал шалғайдағы жайлаулар қажетті инфрақұрылымның жоқтығынан қараусыз қалып отыр. Бұл туралы Сенаттың бүгінгі отырысында депутат Ольга Булавкина айтты.
-
Сенатор Дүйсенғазы Мусин азық-түлік бағасын бір қалыпта ұстап тұру шараларын ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының бүгінгі отырысында депутат Дүйсенғазы Мусин азық-түлік бағасын бір қалыпта ұстап тұру шараларын ұсынды.
-
Кенттердегі денсаулық сақтау нысандарының жағдайы сын көтермейді – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының бүгінгі отырысында депутат Рысқали Әбдікеров қала үлгісіндегі кенттердегі әлеуметтік мәселелерді шешу керектігін айтып, депутаттық сауал жолдады.
-
Журналистерге неге полиция өкілдеріне жасалғандай жағдай жасалмайды – Нұртөре Жүсіп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының отырысында депутат Нұртөре Жүсіп журналист мәртебесі туралы арнайы заң қабылдауды ұсынып, Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады.
-
Мемлекеттік сатып алу тәртібін жетілдіруге бағытталған заң жобасы қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламент Сенатында бірқатар заңнама актісіне өзгерістер мен түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
-
Елордада бокстан қала чемпионаты өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада бокстан чемпионат өтуде, оның қорытындысы бойынша үздіктері Нұр-Сұлтан қаласының құрамасына ілігеді.
-
Сенатта мемлекеттік сатып алу жүйесін жақсарту жөніндегі заң жобасы таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша конкурстық рәсімдерді рейтингтік балдық жүйе түрінде жаңа тәсіл ұсынылады.
-
Елде 16 114 шетелдік азамат жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 16 114 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруда.
-
Тоқаев пен Путин қатысатын XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы онлайн форматта өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Форум Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 13:00-де «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
-
Жаңа заң жобасында бір көзден сатып алудың шарттарын қысқарту ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Сенат отырсында Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі және қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы қаралды.
-
Елордада жол апатынан 5 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті қала орталығында болған жол апатынан 5 адам қаза тапқанын хабарлады.
-
«Ақын» фильмінің тұсаукесері Токиода өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері 34-ші Халықаралық Токио кинофестивалі шеңберінде өтеді.
-
Қазақтар қыстың қамын жаз ойлайды: Индонезия елшісіне Қазақстан несімен ұнады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің Тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі – Индонезия. Былтыр екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толды. Индонезияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рахмат Промоно екі ел арасындағы байланыс жайында айтып берді.
-
ІІМ ауа райына байланысты жүргізушілерге ескерту жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі ауа райының күрт бұзылу ықтимадығына байланысты көлік жүргізушілеріне ескерту жасады.
-
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары көрерменсіз өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары аясындағы жарыс билеттері құрлықтағы Қытайда тұратын жанкүйерлер арасында сатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
-
Асқар Шәкіров: Қазақстан Парламенті ЕКПА-мен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27-30 қыркүйекте Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров пен сенаторлар Әли Бектаев және Нұрлан Қылышбаев құрамына енген Парламент Сенатының делегациясы Страсбургте Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының күзгі сессиясының жұмысына қатысты.
-
ДСМ: 7,6 млн-нан астам адам екпе салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 30 қыркүйек күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Еліміздің 4 өңірі әлі де болса «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Елде 135 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 61 356 адам коронавирус инфекциясынан (–52 916 + және 8 440 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 343 пациент стационарда, 51 013 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
-
Елде бір тәулікте пневмониядан 11 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға қатысты соңғы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Өткен тәулікте 2271 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 2271 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 2252 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2252 адамнан ПТР арқылы коронавирус анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай 100 теңгелік монета айналымға шығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Ұлттық банк номиналы 100 теңгелік JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монетасын айналымға шығарады, деп жазды aikyn.kz.
-
Түркістандық ветеринарларға қызметтік автокөліктер тапсырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының ветеринария саласының қызметкерлеріне ерекше қолдау көрсетілді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осы саланың өкілдеріне жаңа 16 арнайы жабдықталған қызметтік көліктердің кілтін салтанатты түрде тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
-
Украинада 34 мыңнан астам Pfizer вакцинасы жойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Pfizer вакцинасының 34 мыңнан астам дозасы Украинада сақтау режимінің бұзылуына байланысты жойылады, деп хабарлады елдің денсаулық сақтау министрі Виктор Ляшко.
-
Үстел теннисінен Азия біріншілігі: әйелдер командасы 1/8 айналымға жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дохада өтіп жатқан үстел теннисінен Азия чемпионатында екінші жарыс күні басталды. Бүгін қазақстандықтар командалық турнирдегі шешуші матчтарды өткізіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Павлодар облысында қос азаматтықтың 160 фактісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында қос азаматтықтың 160 фактісі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Павлодарда жыл соңына дейін 12 тұрғын үй пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы айда 5 үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
-
7 үй тонаған 22 жастағы жігіт қолға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордалық полицейлер бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 22 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Күдікті қала аумағында орналасқан 7 үйді тонаған. Жұмыссыз жігіт үй иелерінің жұмыста болғанын пайдаланып, қымбат үлгідегі Айфон телефондарын, велосипед, алтын бұйымдарды, тұрмыстық техникаларды және үй иелеріне тиесілі ақшаларды қолды еткен. Ұрлаған дүниелерді сатып, алтындарды ломбардқа өткізген.
-
Бейжің Олимпиадасына еліміздің 48 спортшысы баруы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылы ақпанда өтетін Қысқы олимпиадаға 48 спортшы баруы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.
-
Шымкентте 8 көшеге оң жақ өткел салынуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында көлік кептелісін болдырмау үшін көшелердің қиылысына оң жақ өткелін салу жұмысы қарқын алып отыр. Қалада жалпы қажеттілік 45 орын болса, биылғы жылдың жоспары бойынша 8 көшедегі 10 орынға жерге оң жақ өткел салынуда, деп хабарлайды otyrar.kz.
Наверх